«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

балаларға қуаныш сыйлауда

       Қазіргі таңда елімізде жаппай республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Аталмыш шара Успен ауданында да ойдағыдай өткізілуде. Акцияға ауданның барлық мекемелері, «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шыңғысхан», «Рысмағамбетов», «Алдияр» және басқа да бірқатар ірі шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер белсенді қатысуда. Соның нәтижесінде 652 мыңнан астам теңге көлемінде қаражат жиналған. Аталған қаржыға мектеп оқушыларына қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер сатып алынған.
       «1 қыркүйек – Білім күні» қарсаңында аудандағы аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларынан шыққан 247 оқушыға көмек көрсетілді. Жаңа оқу жылы басталысымен мейірімді адамдардың қамқорлығына бөленген көмекке мұқтаж балалар қуанышында шек жоқ. Атап өтерлігі, қасиетті рамазан айымен қатар тоғысқан қайырымдылық акциясына қатардағы қарапайым тұрғындар да үн қосып, қолдан келген көмектерін аямауда. Мәселен, Ковалевка ауылының тұрғындары мен Павлов орта мектебінің ата-аналар комитетінің жомарттық танытқандарын атап өткен орынды.
        Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция ауданда осы айдың соңына дейін жалғасатын болады.

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30