САУАПТЫ ІСКЕ БАРША АЗАМАТТАР АТСАЛЫСТЫ

       Жуырда Көктөбе ауылындағы аудандық орталық мешітте ораза ұстап, ауыз бекіткен азаматтарға арналып, ауызашар берілді. Аталмыш игі шараға аудан әкімі Н.Пішенбаев бас болып, барлық мекеме басшылары мен ұжымдары бір кісідей атсалысты. Оған ауданнан екі жүздей адам қатысты. Бірқатар ауылдың әкімдері, имамдары және ауыл ақсақалдары ауызашар шарасына қатысып, елмен бірге намазға жығылды. Осынау сауапты іске «Жанашыр» қайырымдылық қоры, Көктөбе ауылдық әкімшілігі ұйытқы болды. Ауыл тұрғындары Лариса Таипова мен Ділдә Құмарханова жеке дастарқан жайып, имандылыққа бетбұрған жамағатқа қызмет көрсетті. Аталмыш елдімекендегі «Қожабек» мешітінің бас имамы Берік қажы Тұяқұлы өнегелі уағыздарын айтып, ата-баба аруағына құран бағыштады. Ауызашарды ұйымдастыруға мұрындық болған азаматтарға тұрғындар ризашылықтарын білдірді.

С.МҰХТАРОВ,
Май ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30