ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

       Жақында аудандық ақпараттық-насихаттық топтары халық арасында түсіндіру, үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізу мақсатында селолық округтерде болды. Тақырып – Еуропаның ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 3-тамызда қабылдаған Астана қаласында 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Саммит өткізу туралы шешімі. Мұндай деңгейдегі Халықаралық басқосу – бұл бүкіл әлемге біздің қоғамымыздың басты құндылықтарын – толеранттылықты, дәстүрлерді құрметтеу, сенім және өзара түсіністікті көрсетудің теңдесі жоқ мүмкіндігі деп ұғу қажет. Екінші мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толуына байланысты болды. Сонымен қатар, таяуда ауданымызға 5 адамнан құралған облыстық ақпараттық-насихат тобы келді. Павлодар облысы көлік басқармасының бас инспекторы Ж.Асан Қожамжар ауылының тұрғындарымен кездесті. Балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент директоры Г.Науразбаева, «Эльбрус» кабардин-балкар және қарашай-шеркес ұлттық-мәдени бірлестігінің өкілі М.Байрамқұлова Барлыбай мен Андрианов ауылдарының халқымен жүздесті. Павлодар облысы мәдениет басқармасының бастығы Қ.Кәрімов Мүткенов селолық округіне қарасты Жаңабет ауылына барды, ал мемлекеттік-санитарлық эпидемиологиялық қадағалаудың Павлодар облыстық департаменті директорының міндетін атқарушы Қ.Бейсебаев Приречен селолық округі Жоламан ауылының тұрғындарымен жиын өткізді. Олардың жасаған баяндамаларының тақырыбы да Ата Заңымыздың мерейтойына байланысты болды. Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері халықпен пікір алмасып, тұрғындардың сауалдарына толық жауап берді.

Б.БАШИКОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30