ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

    «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ұсынған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы қазақ елінің қазығы, ауыл үшін маңызды мәнге ие жобалардың бірі. Барша халық тарапынан қолдау тапқан бағдарлама аясында Лебяжі ауданына еңбек етуге келген мамандар баршылық.

    Биыл аудандық ауруханаға қызмет етуге келген Бибігүл Қабиденова Павлодар мемлекеттік медициналық колледжін үздік тәмамдап, өзінің туып-өскен жеріне оралды. Қазір аудандық аурухананың терапия бөлімінде медбике қызметін атқаруда. Жас маман алғашқы жұмыс күнінен бастап өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтынын өз ісімен дәлелдеуде.

    Сондай-ақ Лебяжі қазақ орта мектебінің педагогтар қатары да биыл  жас маманмен толықты. Ерсін Сағындықов Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын 2009 жылы бітірген. «Еңбекке баулу» пәнінен мұғалім болып орналасқан ол жоғарғы сынып оқушыларына сабақ береді. «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі» демекші, Ерсін -  ата-анасының жолын қуып, пелагогика саласына бет бұрған жас маман.

Б.САҒИДОЛДА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30