МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

    Железин ауданының Есқара ауылында мәдениет үйінің ашылу рәсімі өтті. Былтыр ауыл төріне Есқараның тумасы әрі құрметті азаматы Жамбыл Ахметов мешіт салып берген еді. Мешіттің ашылу салтанатына қатысқан аудан басшысы Жанат Шұғаевқа ауыл тұрғындары:  «Имандылық ордасы орын тепкен ауылға енді мәдениет ошағы керек» деген өтініштерін жеткізген болатын. Өз уәдесін орындаған аудан басшысы есқаралықтардың ерекше алғысына бөленді.

    Павлодарлық К.Венерцов басқаратын мердігер құрылым нысанның жөндеу жұмыстарын көктем айында қолға алған болатын. Ауыл тұрғындарына жаңа мәдениет үйін тұрғызып берген ол жұмысты уақытында орындады. Енді мәдениет үйі ауылдың сегіз тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етпек.

М.МҰХАМЕД.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30