АЛҚАЛЫ ЖИЫН
Аудан әкімі Нұрлан Әутәліповтің қатысуымен алқалы жиын өтті. Оған мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары шақырылды.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының міндетін атқарушы М.Төлеубаев осы салада қолға алынып жатқан іс-шаралар жөнінде баяндады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ә.Бижанова «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы сөз етті. Сондай-ақ, отырыста өңірдегі әлеуметтік-мәдени нысандардың жұмысы да талқыланды.
Жиын соңында аудан әкімі өңірді дамыту үшін Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға ерекше мән беру керектігін тілге тиек етті.
Н.АҚЫТЕГІ.

