Сүйікті оқырман!
Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті сіздермен веб-сайтта жүздесіп отыр. Павлодар облысындағы қазақ тілді газеттердің арасында аға басылым болып саналатын, 80 жылдан астам тарихы бар «Сарыарқа самалы» ұжымы сіздердің интернет бетіндегі газет нұсқасы жайлы ой-пікірлеріңіз, ұсыныс-тілектеріңізді тыңдауға асығулы. «Хат-қоржын» айдарымен берілген бұл бөлім оқырмандарымыз үшін ашылды. Осымен бірге бұл жерде өз ойларыңызбен бөлісіп, толғантып жүрген мәселелеріңізді айтып, хат жолдай аласыздар. Сауалдарыңызға жауап беруге тырысамыз. Біздің сайтымыз, әсіресе, қазіргі күні шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан, уақытша қоныстанған қандастарымыз үшін де үлкен мүмкіндік көзі. Өз Отандарыңызда болып жатқан соңғы жаңалықтарды біздің сайт арқылы уақытылы оқып отыруларыңызға болады. Сыртта жүрген ағайындарымыз алдағы уақытта біздің сайттан не оқығылары келеді, қандай айдарлар болса деген тілек танытады? Ұсыныс-пікірлеріңізді «Хат-қоржынға» жазуларыңызды өтінеміз. Біздің газет редакциясына қарата айтылған әрбір пікір елеусіз қалмайды.
Әрбір қазақ тілді оқырман «Сарыарқа самалының» сайтына қолдау көрсетіп, жақындарыңызға, дос-жараңдарыңызға, әріптестеріңізге сайтқа кіруге кеңес етіңіз. Газетіміз қолыңызға тимесе де, енді электронды веб-сайтты тұрақты оқып тұратындардың бірі болатыныңызға сеніміміз мол.
Басылымның электронды поштасы: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
«Сарыарқа самалы».


Пікірлер
Құрметті Ерлан Мұхтарұлы!
Сізді облыс әкімі болып тағайындалуыңыз бен шын жүректен құттықтаймын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мен Сізге жауапты қызметіңіздің жалғасында үлкен жетістіктер мен сәттілікті тілеймін.
Сіздің Қазақстан халқы сондай-ақ Павлодар облысының халықтар алдындағы жоғары беделіңізді толықтай дәлелдегеніңізг е қуана-қуана куә болдым. С.Торайғыров атындағы Мемлекеттік университетін еліміздің жоғарғы деңгейдегі оқу орны болуына жүзеге байланысты екені баршамызға белгілі.
Сіздің бай тәжірибеңіз, серпінді идеяңыз бұдан былай да Қазақстан халқының мүддесіне біздің облыс халықтары арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайтуға, көптеген салалардағы жұмысты жақсартуға, халықтың әл-ауқатының артуына қызмет ете беретініне сенемін. Сізге, егеменді еліміз үшін жасап жатқан игілікті істеріңіз жемісті, еңбегіңіз табысты, өміріңіз бақытты, қадамыңыз құтты, қуатты, болуыңызды тілеймін.
Ізгі ниетпен: Болат Заутұлы
"Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының "
Республикалық қоғамдық бірлестігінің
Павлодар облыстық филиалының басшысы
Ең үлкен арманым өздеріңіз секілді - ЖУРНАЛИСТ болу. Журналист болу үшін шығармашылық жағынан көп хабардар болу керек. Ал егер менің шығармаларым жарық көрмесе мен өз арманыма қалай қол жеткіземін.
Біздің қаламызда өздеріңіздің жетекшіліктерің ізбен өткен "Айналайын" фестивалінде сыйлыққа және мадақтама қағазына ие болғанмын. Және сол күні менің ұстазым менің бір-екі өлеңдерімді өздеріңізге тапсырған-ды. Ол да әлі шықпады. Сіздердің газеттеріңізді жұма сайын оқып, асыға күтудемін. Сіздерден өтінерім, мен секілді арманшыл жас қауымға да көңіл бөлсеңіздер!
RSS лента .