Кемел келешек – баянды бірлікте

    Кеше облыс әкімшілігінің кіші залында Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 15 жыл толуына және Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне байланысты облыс Қазақстан халқы ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтары қоғамдық бірлестіктері өкілдерін марапаттау салтанаты болып өтті.

Облыс әкімі Б.Сағынтаев Ассамблеяның ұлтаралық ынтымақты сақтауда, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуда, ел аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің бірлігін, татулығын қамтамасыз етуде зор рөл атқарып келе жатқанын айта келіп, жиылғандарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.

Ұзақ жылғы адал еңбегі, мәдени құндылықтарды жаңғыртуда, сақтауда, көбейтуде, жастарды Қазақстан патриотизмі рухында тәрбиелеуде, аймақта ұлтаралық келісімді нығайтуда қосқан жеке елеулі үлесі үшін бір топ ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдеріне облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен «Құттықтау хаттары» тапсырылды.

«Татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Галеев, «Ватан» әзірбайжан қоғамы» бірлестігінің басқарма мүшесі Э.Зеналова, «Айреник» армян қоғамы бірлестігі басқармасының мүшесі Ефремян Армен Джемсович, Т.Г.Шевченко атындағы украин мәдени серіктестігі» қоғамдық бірлестігі кеңесінің мүшесі Рябинин Леонид Александрович облыс әкімінің Құрмет грамотасымен,  «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Б.Әмірғалиева, «Эльпида грек мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының мүшесі О.Пилипенко, «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бережная Евгения Борисовна облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыруда, этносаралық келісімді, өзара түсіністікті және тұрақтылықты нығайтуда, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын дамытуда қосқан жеке үлестері үшін облыстық этно-мәдени бірлестіктерінің төрағаларына облыс әкімінің гранты тапсырылды.

М.Галеев этно-мәдени бірлестіктері атынан облыс әкіміне шын жүректен шыққан ризашылығын білдірді. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты О.Дымов қатысып, бірлік күні мерекесімен құттықтады.

Б.МҰРАТОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31