20 ЖЫЛДЫ ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАРМЕН АЯҚТАДЫҚ

Жұма күні Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумына қатысты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған форум «Қазақстан» орталық концерт залында өтті. Іс-шараға ауыл шаруашылығы саласының 2 мыңнан астам қызметкері қатысты.

«Қазақстан» орталық концерт залына келген Президент ел Тәуелсіздігінің 20 жылында агроөнеркәсіп кешені қол жеткізген жетістіктер көрмесімен танысты. Көрмеге ауыл шаруашылығының әртүрлі саласындағы серпінді жобалар, аграрлық ғылым мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің даму институтының жетістіктері қойылды.

Елбасы форум кезінде Алматы және Ақмола облыстарындағы жаңа ауыл шаруашылық нысандарын «онлайн» режимінде іске қосты. Бұл өндіріс орындарында серпінді технология мен инновациялық әдістер қолданылатын болады.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылын Қазақстанның аграрлық секторы толымды табыстармен аяқтайтынын атап өтті. Соңғы елу бес жылдың ішінде мол астық - 30 миллион тонна, оның ішінде 25 миллион тонна бидай жиналды.

Мемлекет басшысы соңғы бес жылда республикалық бюджеттен аграрлық секторды дамыту үшін 670 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. 2009 жылы әлемдік дағдарыстың белең алып тұрған кезінде өңдеуші саладағы инвестициялық жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 120 миллиард теңге бөлінген болатын. Осы қаржының есебінен бұл күндері 42 жаңа өндіріс орны іске қосылды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың тиімді құралдары қалыптастырылды және жұмыс істеуде.

Мемлекет ауыл шаруашылығын сапалы мамандармен қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдап келеді. Президенттің бастамасы бойынша жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен - ауылға» арнайы жобасының аясында ауылдық жерлерде 16 мыңнан астам қазақстандық жастар жұмыс істеуде. Оларға әкімдіктер тарапынан жан-жақты көмектер көрсетіліп келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев фермерлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдаудың барлық тетіктерін пайдалана отырып, бүгінде жұмыс істеп жатқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ауқымды жаңғыртуды ұлғайтудың маңызды екенін атап өтті. Бұл агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін екі еселеудегі міндетті орындаудағы ортақ мәселе.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы ауылдар мен селоларды қайта жаңарту үдерісі жалғасын табатынын, ауылдықтардың жұмыс істеуі мен өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалатынын атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласы бойынша Үкімет пен ведомстволарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Президент өз Жарлығымен Қазақстанның игілігі үшін ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін агроөнеркәсіп кешенінің 200-ден астам қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Біздің Отанымызды экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы - Қостанай облысындағы «Заречное» ЖШС директоры Валентин Двуреченскийге, Ақмола облысындағы «Қазэкспортастық агрофирмасы» ЖШС бас директоры Әділхан Кенжебаевқа, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры Руслан Молдабековке табыс етілді.

Форум аяқталғаннан кейін қазақстандық экстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ауылым – алтын бесігім» атты мюзикл көрсетілді.

akorda.kz

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30