АҚСУ ҚАЛАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА

 

 

Ақсу қаласы бүгінде Қазақстанның дамыған индустриалды қалаларының бірі болып саналады. 1997 жылдың маусым айында облыс әкімінің №219 шешімімен Ақсу ауданы таратылды. Сөйтіп, Ақсу ауданының ауылдық аймақтары мен кенттері Ақсу қаласы әкімшілігінің қарамағына енді.

Ақсу қаласына қарасты барлық ауылдық жерлерге жеткізілген Қаныш Сәтбаев атындағы арнаның суы тыныс-тіршілікті жақсарта түсті.

2001 жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Ақсу–Дегелең» теміржолы салынып, қала тұрғындары үшін Қазақстанның барлық өңіріне қатынауға мүмкіндік туды. Содан бері өткен 10 жыл ішінде мыңнан аса жолаушылар тасымалданды.

Биыл сүйікті қаламызға 50 жыл толып отыр. Ақсудың көшелері мен аулалары көріктендіріліп, жаңа мектептер мен ауруханалар, балабақшалар мен көпқабатты тұрғын үйлер, мәдениет және спорт кешендері салынуда. Жаңартылған саябақтар мен гүлзарлар, жолдар мен субұрқақтар салынды. Ертіс өзенінің жаңа жағажайы - қала тұрғындарының сүйікті демалыс орынына айналды. Ақсулықтар өз қаласын мақтан тұтады.

Жыл санап Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауыты мен «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» халықаралық деңгейде сұранысқа ие өнеркәсіп өнімдерін шығаруды ұлғайтуда. Қазіргі кезде ЕЭК қалада жаңа спорттық-сауықтыру кешенін салуды қолға алды. Ақсудың қызмет көрсетуші кәсіпорындары, шағын және орта бизнес нысандары жоғары қарқынмен жұмыс істеуде, өңірдің ауыл шаруашылығы өрістеп дамуда. Қала мен ауылдар ажарланып келеді.

Сондай-ақ, «100 мектеп, 100 аурухана», «Ауызсу», «Ауылдық өңірдің дамуы», «Өңірлердің дамуы», «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, Ақсу өңірінің өзекті мәселелері ойдағыдай шешімін табуда. Бүгінде Ақсу қаласында орташа еңбекақы 88413 теңгені құрайды. Бұл - Павлодар облысы бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Медициналық және білім беру қызметтерін көрсету сапасы жақсарды. Ардагерлер қамқорлыққа бөленіп, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар қатары жыл санап азайып келеді. Тәуелсіздік - біздің басты байлығымыз, баға жетпес жетістігіміз. Ақсу өңірінің тұрғындары егеменді еліміздің 20 жылдық торқалы тойын лайықты деңгейде қарсы алуда.

Болат БАҚАУОВ, Ақсу қаласының әкімі.

 

(Ақсу қаласы жайлы материалдардың толық нұсқасын газетіміздің 2011 жыл 17 қарашадағы нөмірінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30