«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖИЫРМА ШЫҢЫ» 20 жұлдызды күн

 

29 қараша «Бейбітшілік белдеуі». Бейбітшілік күні.

 

Береке бастауы

Биылғы жылы еліміз Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаларын берік ұстанды. Қазақ­стан - ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші ел болып табылады деп ауыз толтырып айтуға болады.

Еліміздің бейбіт өмірге жол бастауының алғашқы қадамы - әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигонын жабуы. 1991 жылдың 29 тамызында орын алған осынау тарихи оқиға мемлекетіміздің дүниежүзіндегі жаңа  ядролық қарусыз елдердің біріне айналып, жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан ұлы үлесі болды. Сол сәт­­тен бастап Қазақстан «Бей­біт­шілік эпицентрі» атанды. Ал екінші қадамы - 1993 жылы Қазақ­стан ТМД-да алғашқылардың бірі болып ядро­лық қаруларды таратпау жөніндегі келісімшартқа үн қосуы. Бүгінгі таңда бейбіт еліміздің дана басшысының осындай баста­ма­ла­ры халықаралық қауымдастықтан қолдау тауып келеді.

А.ЕСІМХАНОВА.

 

30 қараша «Келісім». Ел бірлігі күні.

Ауызбіршілікбасты құндылық

Еуразия құрлығының ортасынан орын тепкен кең байтақ Отанымыз - келісім мен бір­ліктің, құт пен берекенің, ын­тымақ пен ырыстың киелі ошағына айналды.
Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылында елдігімізді айғақтайтын қазақстандық құндылықтар қалыптасты. Солардың біріұлттар достастығы мен конфессияаралық келісім. Қазақ жері 130-дан астам ұлт өкілін бір арнаға тоғыстырған қасиетті топырақ. Міне, мызғымас бірлік пен татулықты ту еткен еңселі еліміз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына бірлігі жарасқан көпұлтты халқымызбен бірге қадам басты. Бірлігі бүтін еліміз Тәуелсіздік мерейтойын экономикалық қуатты, демократиялық дамыған, сондай-ақ, әлем елдері сыйлайтын мемлекет ретінде қарсы алғалы отыр. Ең бастысыұрпағымыздың бойында достық пен бауырластық сияқты ізгі құндылықтарды құрмет тұту қалыптасқан.

А.ӘДІЛБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29