МЕРЕКЕЛІК СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

Тұғырлы Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында облыста жағымды жаңалықтар мен игіліктер көптеп орын алуда. Еліміздің дамуына үлес қосқан түрлі сала өкілдеріне мерекелік сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілуде.

«Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - «20 жұлдызды күн» шеңберінде 1 желтоқсан - Азаматтық қоғам институттарының күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен және қоғамдық ұйымдардың төрағаларымен кездесті.

- Тарих үшін қас-қағым сәт –20 жылда орын алған өзгерістер барлығымыздың көз алдымызда өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан аз ғана уақыт ішінде бүгінгідей жетістікке жетеді деп ешкім дөп басып айта алмас еді. Елбасымыздың салиқалы саясат жүргізуінің арқасында мемлекетіміз жиырма жылда ғажап табыстарды бағындырды. Бүгінгі таңда экономикалық көрсеткіштеріміз бойынша әлемнің дамыған елдерімен үзеңгі теңестіріп қалдық, жер шарында теңдесі жоқ жетістіктерімізбен танылдық. Осы күнге дейінгі бағындырған белестер біз үшін меже емес, олжаңа істердің бастамасы ғана. Себебі, қазіргі күні елімізде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүзеге асуда,-деп атап өтті кездесу барысында облыс басшысы.

Бақытжан Әбдірұлы мемлекет ішіндегі табыстар тек экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарын дамыту тұрғысында айтарлықтай алға басқанын да тілге тиек етті. Бұл бағытта мемлекеттің араласуымен ауқымды шаруалар атқарылуда. Қолға алынған шаралар ел тұрғындарының тілектері негізінде өміршең етілуде. Сайып келгенде, бұл - азаматтық қоғамның алға басуының көрінісі.

«Күнделікті өмірімізде болып жатқан оң өзгерістерді бұқаралық ақпарат құралдарынсыз дер уақытында біліп отыру мүмкін емес. Кеңес өкіметі тұсында жалпы ел бойынша екі-үш телеарна, өңірде төрт-бес басылымнан артық ақпарат көзі болмайтын. Бүгінгі еркін бәсекелестік сөз бостандығына жол ашып қана қоймай, саланың өсуіне, түрленіп, көбеюіне алып келді. Осы игіліктердің барлығы тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің жетістігі. Бұл ортақ табыстарымыз біз үшін зор мақтаныш, үлкен дәреже»,- деді облыс әкімі.

Салтанатты шара барысында өңірдегі бірқатар БАҚ-ның басшылары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, сондай-ақ, республикалық телеарналар мен басылымдардың меншікті тілшілері Елбасы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, облыстағы ақпарат құралдарының тілшілері арасында тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді паш ететін үздік жарияланым, үздік теле-радио сюжеті бойынша жарияланған байқаудың қорытындысы хабарланып, озып шыққандар ақшалай жүлделермен және арнайы дипломдармен марапатталды. Басылымдардағы облыстың ең үздік жарияланымы номинациясы бойынша бірінші орынды әріптесіміз - облыстық «Сарыарқа самалы» газеті бас редакторының орынбасары Мұрат Аяғанов иеленді. Барша әріптестерімізді тұғырлы тойдағы жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

Өз тілшіміз.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31