ЕКІ МЫҢ ЖЫЛҚЫ ҰСТАЙТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ

altЕртіс ауданының Бұланбай ауылындағы «Алтай-Қарпық, Сайдалы-Сарытоқа» асыл тұқымды жылқы өсіру зауытына иелік ететін Мусиндер әулеті облысымызға ғана емес, республика көлемінде танымал. Жақында шаруашылық басшысы Дулат Мусин ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Еліміз егемендігін алған жылы  құрылған шаруа қожалығында бүгінде екі мыңнан астам асыл тұқымды жылқы бар. Қожалықтың негізін қалаған ақсақал, әулеттің басшысы Амантай Мусин болатын. «Алғашында әкем он жылқыдан бастады. Қажырлы еңбегінің арқасында небары он жылдың ішінде мал басының санын мыңға жеткізді. Ол бүгінде де - біздің басты ақылшымыз, кеңесшіміз», - дейді шаруашылықтың бүгінгі басшысы Д.Мусин. Әкесінің сара жолын жалғастырып келе жатқан Дулат Амантайұлы он екі жасынан мал шаруашылығымен айналысып келеді. 2000 жылы шаруа қожалығының тізгінін өз қолына алды. Оның басшылық етуімен «Алтай-Қарпық, Сайдалы-Сарытоқа» асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығы кейіннен жылқы зауыты мәртебесіне ие болды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарының «Қараөткел» жәрмеңкесінде үздік шығып, бірінші орынды ұтып алды.
«Алтай-Қарпық, Сайдалы-Сарытоқа» жылқы зауыты бүгінде тұтастай бір ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтып отыр. «Алдағы уақытта жылқы басын 10 мыңға дейін жеткізу ойда бар. Ол - қолдан келетін іс. Бұған қоса Бұланбай ауылында ет, сүт өңдейтін шағын кәсіпорындар құрамыз. Жақын арада мәдениет үйін тұрғызамыз. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады», - дейді Д.Мусин.
 

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31