Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы керекулік Ғаббасовтар отбасы үшін мәні мен сәні жағынан тым ерекше. Оның өзіндік себебі бар. Қасиетті мереке қарсаңында ерлі-зайыпты Абай мен Төлеш өздерінің алтын тойларын атап өтті.
Сыйластықтың салтын жалғастырып, саналы ұл мен тәрбиелі қыз өсірген Абай аға мен Төлеш апаның жұптасқанына биыл 50 жыл толып отыр. Алтын той иелері өмірдің ыстығы мен суығына бірге төзіп, жұршылыққа үлгі бола білген. «Құтты болсын, алтын той, той дегенің ырыс қой» демекші, ажарлары шат күлкіге толған қариялардың шаңырағында шаттықты сәттер көп болғай!
Өз тілшіміз.

