БІЗ ҮМІТТІ АҚТАЙМЫЗ!

Біз - Тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландарымыз! Біздің алдымызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдер қатарына шығару, халқымыздың өмір сүру жағдайын жақсартып-гүлдендіру, елдің халықаралық беделін арттыру жөніндегі бастамаларын одан әрі жүзеге асыру міндеті тұр.
Осы уақыт аралығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақ елі толағай табыстарға қол жеткізді. Елбасы  әр уақытта жастарға сенім артып, үлкен міндеттер жүктеп келеді. Бұл бізді қанаттандыра түсетіндігі белгілі. Енді сол сенімге селкеу түсірмеу үшін бар күш-жігерімізді жұмсап, биік үдеден шығуға тырысуымыз қажет. Тәуелсіздік жылдары жүйелі түрде жүргізілген жастар саясаты бүгінде өз жемісін беріп отыр. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту, табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Сондай-ақ, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларға жеңілдетілген ипотекалық несие беру, жас мамандарды еңбекпен қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері,  ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін жәрдем түрлерін атап өтуге болады.
Ал ғылым саласына келер болсақ, тәуелсіздік жылдары  инновацияға қабілеті бар мыңдаған жастардың қанаты қатайды. 1993 жылы Елбасымыздың бастамасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылды. Бірінші рет посткеңестік кеңістіктегі елдер тарихында талантты жастардың мемлекет есебінен шетелдерден білім алуларына мүмкіншілік туды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз Еуразия кеңістігінде ғылыми-инновациялық саланың көшбасшысы болуымыз қажет. Бүгінде Қазақстан әлемге ашық. Сондықтан, жастар экономика, ғылым және мәдениет секілді түрлі салаларда өз бағын сынауға бар мүмкіндіктер жасаған», - деп атап өткен болатын.
Мәдени-идеологиялық тәрбие жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту, жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.
Жалпы айтар болсақ, жиырма жылда басқа да көптеген салалардағы сияқты, жастар саясатында да көптеген игілікті істер атқарылды. Нәтижелі бастамалар қолға алынып, табысты жүзеге асуда. Мұның барлығын айтып жатудың өзі артық болар. Замандастарымыздың өздеріне артылған үміт жүгін абыроймен арқаларына сенім мол. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі, біз – өр рухты, намысшыл қазақ елінің азаматтарымыз!
 

Д.АЙТПАЙ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31