ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖОҒАРЫ ӨНІМГЕ ЖЕТЕЛЕУДЕ

Тәуелсіздік жылдарындағы жасампаз істер мен жетістіктерге ауыл шаруашылығында жүзеге асқан игіліктер айрықша дәлел. Еліміздің агроөнеркәсіптік  кешені 20 жылдың ішінде дағдарыс кезеңдерін еңсере отырып, нарық қатынастарына әбден бейімделді. Бұл салада өнім өндіру көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 1991 жылғы 77,8 млн. теңгеден 2010 жылы 1,4 трлн. теңгеге өсті. 20 жылдың ішінде 11,5 трлн. теңгенің өнімі өндірілді. ЖІӨ-дегі сала үлесі ұлғайып, 9,6 пайызға жетті. Осы орайда әр аймақтың ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесін атап айтуға тұрарлық.
Мемлекет басшысы 2000 жылғы халыққа Жолдауында елімізде қалыптасқан экономикалық ахуал ауылды көтеруге мүмкіндік беретінін, ауылды қаржылық қолдау керектігін атап, оны көтерудің үш жылдық бағдарламасын бекітті. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдер көлемі қысқа мерзімде қарқынды түрде дамыды, азық-түлікке ішкі сұраныс негізінен отандық өніммен қамтамасыз етілді.
Біз әлемде ұн экспорты жөнінен бірінші орынды төртінші жыл қатарынан ұстап келеміз. Бүгінде ет өндірісін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлініп, бұл бағытта көптеген ауқымды жобалар қолға алынды. Жолдауда айтылғандай, 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділік кем дегенде екі есеге артып, азық-түлік тауарлары бойынша ішкі нарықтың   80 пайыздан астамын отандық өнімдер құрауы тиіс.
Біздің облыста азаттық жылдары ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған 300-ден астам кәсіпорын құрылды. Осы саладағы жалпы аймақтық өнім соңғы жылдары 73 есе өсіп, 60,7 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 185 есе өсті. Бүгінгі күні облыс өз тұрғындарын етпен, сүтпен, жұмыртқа, ұн, жарма, көкөніс пен картоппен қамтамасыз ете алады. Жыл басынан агрокешенде 20 инвестициялық жоба іске қосылса, желтоқсан айы соңына дейін тағы он бір жоба пайдалануға беріледі.
Өңірде бүгінде мал бордақылайтын заманға сай орындар, технологиясы дамыған сүт-тауарлы фермалар, басқа да өңдеуші кәсіпорындар тұрғызылуда. Оның алды жұмыстарын бастап та кетті. Нәтижесінде аймақта мал шаруашылығы айтарлықтай дамып, ет-сүт өндірісі артады. Соның нәтижесінде ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары құрылып, халықтың әл-ауқаты бұдан да арта түседі.


М.ҚАПАНҰЛЫ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31