«ЖЫРЛАРЫҢ ТУЫНДАҒАН ЖЕРДЕН КЕЛДІК...»

 

Педогогикалық институтты бітірген соң Еңбекші орта мектебіне келген Қантгүл Беденованы осында ең алғаш кездестіріп, ағасындай болып кеткен қамқор жан - Жалатбек Қайдаров еді.

Екеуі де әдебиетші, бір пәннің мұғалімі жоғары білімді ұстаздар мектепте ағалы-қарындастай табысты. Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының 50-ші жылдардың орта тұсындағы түлегі Жалатбек ұстаздық жолда 20 жылдай қызмет істеп қалған-ды. Тәжірибелі мұғалім оңтүстік өңірден осы жаққа жолдамамен келген жиырмадан сәл асқан жас ұстазбен жиырма жыл бір мектепте бала оқытты. Әдебиет үйірмелерінде ұстазақындар оқушыларға әдебиет, өлең, тіл ілімін үйретіп қана қоймай, әдебиет тағылымдарын жас ұрпақ бойына сіңіре білді. Сабақтан қолдары қалт еткенде жарысқандай болып өлең жазатын. Марқұм Жалатбек артына үш жинаққа жүк болатындай туынды тастаған екен. Жәкеңнің соңғы жылдары екі өлеңдер жинағы жарық көрсе, үшінші кітабы дайындалу үстінде. Жалатбектің алғашқы туындысы – «Жүрегімнің пәк жыры - өмір сыры» деген кітабы жарық көргенде, ұстаз ағасының жыр жинағының тұсаукесеріне қатысып, Қантгүл:

...Ал, аға, ақын аға, елден келдік,

Жырларың туындаған жерден келдік,

Бұл тойдың – «Тұсаукесер» құтты болсын,

Далада шашылмапты жазғандарың:

Жырларың, сырларың мен армандарың.

Артыңды әйгілі етіп бар ғаламға,

Той қылды бала-шаға туғандарың.

Ұрпағына риза боп біз отырмыз,

Елге сенің паш еткен ақын даңқын.

Туған тіл баланып тұр тілге алтын,

Ұға алса, тіл салтағын қазір халқым.

Әдебиетші, ақын әрі керемет шахматшы (кезінде ҚазПИ-дің ректоры, ғалым, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен шахмат ойнайтын, ойын қызығына берілгендігі сондай, дәрістен жиі қалатын. Сонда Жалатбек аға: Батыр аға, кезекті дәрістен қалып қойдым, - деп қыңқылдағанда, Мәлік-ректор: сен бар, мен бар бірдеңе жасармыз, - дейді екен) ағамен жиырма жылдан астам уақыт әріптес болған Қанткүл Жалатбек қайтыс болғаннан кейін мектепте «Жалатбек ашық сабақтарын», Жалатбек жүлдесі үшін шахмат сайыстарын өткізуге мұрындық болған екен, қазір Еңбекші орта мектебінде жыл сайын Жалатбек күндері, шахматтан турнир өтеді. Павлодардағы кәсіпкер ұлы Рамазан жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тапсырады, оқу озаттарына шәкіртақы береді.

Жалатбек Қайдарұлы күндерінде, марқұмның сексен жылдығында Қанткүл Берденова ортаға шығып, мына жыр жолдарын түйдектетіп еді:

Міне, бүгін қуаныш, міне көктем,

Кітабың шығыпты ғой көптен күткен.

Тағы да той боп жатыр туған елде,

Күмбірлеп атырапты дүрілдеткен.

Ғибрат ал мөлдір сезім сырларынан,

Сусында, оқып жаңа жырларынан.

Күрескен өмір бойы надандықпен,

Шақырған дос болуға адалдықпен.

Соқпақсыз заман еді ол аума-төкпе.

Ол-тілінің мерейін көтергені,

Алдында оның парызын өтегені.

Ойланшы, толып жатыр елді мекен

Ақыны Жалатбектей бар ма екен?!

Ешкіммен салғыласып айтыспады,

Соттасып, ешкіммен тартыспады.

Таласпай, үнсіз, жаумен жағаласпай,

Тәкаппар, ақылды ұстаз алыстады.

Жан аға, құтты болсын жыр кітабың!

Таратсын елден елге нұр кітабың!

Әр елдің азаматы құшақ жайып,

Қарсы алсын ақынның бұл сыр-кітабын!

Өмірің ұрпақтармен жалғасуда,

Өлеңің жүректермен сырласуда.

Екі мың отыздың да ауылы жақын,

Туса екен өзіңіздей тағы бір ақын.

Қазір зейнеткер, бұрынғы ұстаз-ақын өзінің бір кездегі қамқор әріптесін, ағасын осылай еске алып, жыр жолдарын арнап еді. Мұны толғау десе де болады.

Ақын-ұстаз Еңбекші ауылында тұрады.

 

Төлеубек ҚОҢЫР.

 

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30 31