ҚАЙРАН ШАЛДАРЫМ-АЙ!

Жас кезінде қайда болды?

Әйтеуір, қартайғанда

Сұмдық бір ақын пайда болды!

Айхой, өлеңдерін

Ана газетте басып жатты,

Мына газетте басып жатты.

Шалымыз шаршауды ұмытып,

Өлеңді суша шашып жатты.

«Өй, мынауың өлең емес қой!» - деп

Елдің бәрі оқудан қашып жатты.

(Шынында шалдың шатпақтары

Поэзиядан мүлдем қашық жатты)

Қысқасы,

Оқығандар түгел жұтап шықты.

Кенет... Ал керек болса,

Қалыңдығы кірпіштей кітап шықты.

Сол, сол екен,

Білмейміз ғой, бұрын қайда болды,

Өлең жазатын тағы бес-

алты шал пайда болды.

Не мәні жоқ,

Не дәмі жоқ.

Ұйқассыз өлең жазудан,

Бір-бірімен жарысып,

Шалдарымыз зырлап келеді,

Мәз болып,

Қолдарын бұлғап келеді.

Айналып кетейін шалдарым-ай!

Әдебиетті өстіп былғап келеді.

 

Алпысбай БОРАНБАЕВ,

сатирик.

 

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29