«КӨҢІЛАШАРҒА» КӨРІМДІК

Басылымымызда әзілмен әрленіп, сықақпен сырланған «Көңілашар» беті жарық көргелі өңіріміздің әр түкпіріндегі оқырмандарымыздан редакциямызға көптеп хаттар түсе бастады. Соның бірі газетіміздің тұрақты оқырманы, белсенді авторы Бақыт Әбілқасқызы ұлттық таным-түсінігімізге жақын бір топ шағын әңгімелерді жіберген екен. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 

Білгірсу

Бригадир қариядан біреу: Большевик партиясы деп неге атаған?- деп сұрайды. Сонда қария: «Больше» – үлкен деген сөз. «Вик» дегеніміз - бұқа. Сонымен үлкен бұқа партиясы деген сөз ғойдейді білгірсіп.

 

«Өскіш» бала

Жігіт үйленгеніне екі ай болғанда, әйелі ұл табады. Ол қуанып, ұлының ер-тұрманын жөндеп отырғанда, көршісі келіп, не істегелі отырғанын сұрайды.

- Балалы болдымдейді жігіт саспай. – Тоғыз айды екі айға сыйдырып өскен бала бір бес-алты айда ат мініп, ауыл қыдырмайды деймісің, соған ер-тұрманын асығыс дайындап жатырмын,- депті.

 

Босбелбеу

Бір жігіт көңілі ауған қыздың үйіне барып қонады. Қыз төр алдына төсек салады да: - Біліп қой, маған жуымайсың. Екеуіміздің арамыздағы шекара мынау, -деп, екі араға ұзыннан белбеу тастайды. Жігіт көңілі қанша кетсе де, тырп ете алмайды. Таң атып, жігіт аттанбақ болады. Шығарып салуға қыз ере шығады. Сол сәтте құйын соғып жігіттің қалпағын іліп ала жөнеліп, қой қорадан асырып тастайды. Сонда қыз:

- Жарты елі белбеуден аса алмаған босбелбеу, бошалаң неме, жардан биік қорадан аса қояр дейсің бе? – деп тақырға отырғызады.

 

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29