МЫҢ БІР «MADE IN CHINA»

Таң атысымен, табанында «Made in China» деген жазуы бар сүйретпемді іліп, «Made in China» деген қолжуғышқа беті-қолымды жудым. Дәл сондай жазуы бар тіс жуатын щеткамен тісімді тазалап, этикеткасында тайға таңба басқандай «Made in China» деп белгі соғылған орамалға сүртіндім. «Made in China» шәйнектен «Made in China» кесеге шай құйып алып, терлеп-тепшіп іштім-ай кеп. «Made in China» деген жазуы бар биттің қабығындай қағаз жапсырылған алманы қолыма алып, құшырлана тістедім келіп.

Сөйтіп, «Made in China» сөмкемді алып, «Made in China» күртешемді кидім. «Made in China» фирмасында шығарылған аяқ киімімді «Made in China» майымен сүртіп, әбден жылтыраттым. Аялдамаға шығып, «Made in China» автобусқа міне салып, жұмыс жаққа тарттым. Жұмысыма келе «Made in China» компьютерімді қосып, қызу күннің құшағына еніп кеттім. Қайта-қайта шырылдай берген «Made in China» жасаған ұялы телефоным арқылы анаумен сөйлестім, мынаумен сөйлестім. «Made in China» қаламыммен бірдеңелерді «Made in China» қағазға шимайлап жазамын. Жазамын да жарамай қалғандарын «Made in China» қоқыс шелегіне мыжғылап-мыжғылап тоғытып жіберем.

Көзді-ашып жұмғандай аралықта түс уақыты да болды. Орнымнан дүр етіп көтеріліп, дереу асхана деген «аяулы ауылға» қарай жөнелдім. «Ел қондырар» ауылға жете сала «Made in China» табақтардан «Made in China» қасықтармен тамақтанып алып, артынша «Made in China» тіс тазалағыштың көмегіне жүгіндім.

Ішке ел қонды. Енді біраз демалғаным дұрыс болар деп, қос құлағыма «Made in China» сымды іліп, музыка тыңдауға кірістім. Сөйтіп отырып, қалғып кетіппін ғой... Ұйықтап жатып қорқынышты түс көрдім. Маңайыма шетінен маңдайына «Made in China» деген жазуы бар адамдар қаптап кетіпті. Есім кетіп, әлгілерден қашқалақтай жүгіріп жүрмін... Тек бұрышта бүрісіп отырған бір баланың маңдайында ғана «Made in Kazahstan» деп жазылып тұр екен. Бақсам, оның жағдайы өте мүшкіл. Бейшара маған мөлтілдей қарап, қолын созып «Көмектесдейді... Шошып ояндым. Түсім екеніне қуанып кеттім...

 

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.

 

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29