Балалар, «Айналайын» қосымшасы «ФОТОӨНЕР» атты кішкентай фототілшілер байқауын жариялайды. Байқауға кез келген бала өзі түсірген суретін ұсына алады. Суреттің мазмұнына, тақырыбына шектеу қойылмайды. Мәселен, жан-жануарлар, табиғат көріністері, мерекелер, т.б.
Байқау мынадай екі аталым бойынша өткізіледі:
1. «Тосыннан түсірілген»
(күлкілі, қызықты суреттер)
2. «Портрет»
Құрметті достар, қолдарыңа фотоаппараттарыңды алып, сурет түсіріп, бәйгеге қатысуға асығыңдар. Байқау үстіміздегі жылдың шілде айына дейін жалғасады. Сапалы суреттер газетіміздің интернеттегі сайтында орналастырылатынын да еске саламыз. Сондықтан, суреттеріңнің сапасына көңіл аударыңдар. Суреттер бір баладан бір мәрте ғана қабылданады. Мекенжайларынды, аты-жөндерінді толық жазып жіберулеріңді сұраймыз.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар.
Іске сәт!
«Айналайын».
Газеттің электронды поштасы: s_samaly@mail.ru

