АҚМАРАЛ ЕСІМХАНОВА

Индекс материала
АҚМАРАЛ ЕСІМХАНОВА
ҚОНАҚҚА БАРҒЫҢ КЕЛСЕ...
КАЛЬКУЛЯТОРҒА ҚҰМАРЛЫҚ ҚАЙДА АПАРАДЫ?
КАЛЬКУЛЯТОРҒА ҚҰМАРЛЫҚ ҚАЙДА АПАРАДЫ?
МҮЙІЗ СҰРАЙМЫН ДЕП...
Жаңа жылдың «құны» қанша?
РУХАНИ БАЙЛЫҚТАН ЖҰПЫНЫМЫЗ
АБАЙДЫҢ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН ОУЭН
АҚ ҮЙДЕН БІР ҚЫЗ ШЫҚТЫ КӨЗІ КҮЛГЕН, ШАШТАРЫН ОН КҮН ТАРАП, БЕС КҮН ӨРГЕН...
БІЗ ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙМІЗ?
Артық жасаймыз деп, тыртық жасамасақ болғаны
ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ ҚҰНЫ ҚЫМБАТ...
Все страницы

 

КӨШЕ «ЖҰЛДЫЗДАРЫ»


Күн жылынып, ұсақ жәндіктерге жан бітісімен,  шаһар көшелерінде қол жайып, қайыр тілеп отырған азаматтар қатары көбейеді. Арасында он екі мүшесі бүтіні де, салы да, кәрісі мен жасы да бар. Осылай «жұмыс» істеп, нәпақасын табатындар адам шоғыры көп көрінетін жерлерде, мәселен, жәрмеңкелер мен вокзалдарды паналап, қас қарайғанға дейін жүреді. Бірі алақан жайып, тиын-тебен сұраса, енді біреулері қоғамдық көлікте «өнер» көрсетіп әлек...
Алайда, олардың арасында көзге көп көріне білмейтін кезбелер де бар. Жуықта қала аралап жүріп, бірнеше оқиғалардың куәсі болдым. Мәселен, бірде тепсе темір үзетін жігіт ағасы «Мен сөйлей алмаймын. Мархабат, мына қаламды сатып алыңызшы. Бағасы – 150 теңге» (мәтін орыс тілінде) деп жазылған қағазды ұсынып, әлгі арзан қаламын жанымызға қойып кетті. Бірер минуттан кейін қайта оралды. Көкейде бір ой пайда болды. Бұл бала шын мәнінде мылқау ма, әлде адамдар аясын деп әдейі істегені ме? Кім білсін деген оймен үндемей шығарып салдық оны.
Тағы бір күні жұмыс аяқталысымен, кешкі уақытта үйге бара жаттым. Адам толған автобусқа 15 жастағы бала мінді де, ән сала жөнелді. Қоғамдық көлікке кірген кезде кондукторлардың өзі оны қуып шығаруға бата алмады. Жұмыстан үйге шаршап аялдаған қалалықтардың көңілі бір сәтке болсын көтеріліп қалды. Олардың арасында сәл жымиып, тиын-тебен ұсынғандар да кездесті. Негізі, бұл баланың шаһар көшелерінің «жұлдызына» айналғанына біраз уақыт өткен көрінеді. Өзі шырқайтын әндерін жаңартып отырады екен. Мәселен, осы жолы ол көпке танымал бір әнді әуелете жөнелді. Өкінішке қарай, автобуста өнер көрсеткен баланың аты-жөні, қайдан келгені туралы сұрауға мүмкіндік болмады. Айналадағы адамдардың айтуынша, баланың ата-анасы бар екен.
Бұларды біз сыпайы түрде «мәдениетті қайыршылар» деп атаймыз. Кей кездері олардың осындай әрекетке баруының себебін таппай дал боламыз.  Бұл жұрт жоқшылықтан қайыр сұрай ма, әлде осыны кәсіп етіп алған ба? – деп қынжыламыз ішімізден. Еліміздің үлкенді-кішілі қалаларының  қайсысына  барсақ та, осындай көріністердің куәсі боламыз. Қарт қайыршыларды көрсек, «бұл қариялар өз шаңырағында, бала-шағасына ақыл айтып, немересіне ертегі оқып отырмай ма?» деген ой толғандырады. Аяқ-қолы балғадай жастарды көргенде, «құдай-ау басқа «кәсіп» құрып қалған ба? деп налимыз. Дегенмен, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Олардың арасында тағдыр тәлкегіне немесе біреудің арбауына ұшырап, осындай жағдайға душар болуының өзіндік себебі бар шығар. Кім білсін...
Амал не? Қолдан келер шара жоқ.  Олардың осындай күйге түсуіне не себеп? Мамандардың айтуынша, бұл әдет дертпен пара-пар.  Яғни, кезбелік - психологиялық ауру. Қайыршылыққа мойын бұрған адамды бұрынғы ортасына қайтаруға болады екен. Өйткені, ол – қоғам мүшесі. Сондықтан, ай мен күннің аманында безіп, аянышты күн кешкен жандарды келеке етпей, түсіністікпен қарағанымыз жөн сияқты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті оқырман? Алып, қосарларыңыз бар ма?



 

Пікірлер  

 
+1 #13 БЛОГ ИЕСІ: саңдыраққа қатысты 02.05.2012 13:08
Қаламқас ханым! Көше кезетін азаматтарға жанашырлықпен қарауға шақыру, түсіну саңдырақ па? Мақаланы дұрыстап оқып, ой елегінен өткізуіңізне кеңес беремін. ашық пікір білдіргеніңіз үшін рахмет айтамын. Оқшау ойым бір адам үшін ой тудырса, мен үшін, бұл - аз да болса жетістік. Мақсатымыз да сол - қоғамдық ой тудыру.
Цитировать
 
 
+2 #12 Коше жулдыздары 23.04.2012 23:15
Қайдағы жоқ сандырақ! Ақмарал айналайын ұялсаншы, не жазып отырғанынды білсенші.
Цитировать
 
 
+8 #11 "жаңа жылдың құны қанша?" 23.01.2012 21:23
Құрметті Айнұр! "Оқшау ой" айдарындағы мақаламды оқығаныңызға мың алғыс, біріншіден. Екіншіден, бұл шағын мақала Жаңа жыл мерекесін әспеттеу емес, дұрыс түсініңіз.Үшіншіден, "Ау, халайық, Жаңа жылды ТОЙЛАМАҢДАР" деп босқа жар салудан гөрі, дәйекті мысал келтіріп жазғанымның пайдасы әлдеқайда көп. Тағы да рақмет сізге, пікіріңізді күтемін. Құрметпен - блог иесі.
Цитировать
 
 
+9 #10 әспеттеудің қажеті қанша 13.01.2012 18:22
Жана жылды әспеттеудің не қызығы бар? Шығын-мығын дегенше, соны қазақтарға тойламақ қойындар десеңші
Цитировать
 
 
+13 #9 құжат 23.12.2011 22:46
Блог иесінің пікірімен толықтай келісемін. газет деген қоғамдық ой қалыптастырушы құрал емес пе? оқшай ойды жазған Ақмарал осы мақсатты көздегенін түсін, Әсет
Цитировать
 
 
+18 #8 Құжат 03.12.2011 01:33
Әсет есімді оқырманның айтқандарымен келіспеймін. әр тілші, әр журналистің өзіндік көзқарасы болады. сәйкесінше, онымен келісетін, келіспейтіндер де табылады. сондықтан, Әсет, бұл мақала қызыл құжатпен жүрген 65 адамға ғана арналмаған. жалпы қазаққа арналған. ұлттық мәселе ғой бұл?
Цитировать
 
 
+15 #7 Құжат 03.12.2011 01:28
Қымбатты Әсет мырза! газетіміздің оқырманы ретінде пікір білдіргеніңізге рахмет. келесі жылдың қаңтар айынан бастап, ел азаматтарының жеке сәйкестендіру номері талап етіледі. Білесіз. "Оқшау ойда" айтылған қарапайым мысал арқылы (65 адам туралы айтамын) оқырмандарға ЖСН-ін алған кезде салғырттық танытпауға және құжаттарға тиянақты қарауға шақырғым келді. Негізгі ой, идея да осы. Құжат берушілерді немесе құжат алушыларды кінәлау деген мақсат болған жоқ. Әрине, мақаланы оқыған жүз адам, жүз түрлі пікір айтады.
Цитировать
 
 
+18 #6 Қүжат 02.12.2011 20:26
Қымбатты Ақмарал ханым! Сіздің "Құжатыңызды түзетуге асық!" деген мақалаңыз "Оқшау ойда" тұратын дүние емес, бір жиналыста естігеніңіз немесе полициядан алған мәліметіңіз шығар. Мәселен, мен де құжатымды әлі реттей алмай жүрген азаматпын. Жұмысым, ақшам болмады оған. Және құжаттама бөлімі біресе анда, біресе мында ауысып, әуре-сарсаңға түстім қаншама. Одан да құжатсыз жүрген себебімізді, соған кінәлі жандарды жазсаңызшы. Еріккеннен жүр деймісіз? Халықтың бәрі құжатсыз жүрмегендіктен, сіздің мақалаңызды қызыл паспортпен жүрген 65 адам (оның өзі қазақша газет оқыса) ғана оқыр. Келесі жолы қазақ халқына ортақ жалпы ұлттық мәселе айтыңызшы, сізді "Оқшау ойдан" асыға күтем!
Цитировать
 
 
+26 #5 Абайдың тілінде сөйлейтін Оуэн 11.11.2011 18:50
Әй-қайдам!. Біздің қара көздеріміз өз ұлтының тілін менсінбей(қалал ық немесе орысы басым аудандарда), "мәңгүрт" болып бара жатқан жоқ па?. Сана-сезім, ұлттық рухты оятар "тіршіліктер" болмаса өстіп кете беретін шығармыз. Жаһандану үрдісі сағыздай созылып, түрлі тілдерді жұтып қойып, ақырын-ақырын жүре береді. М.Шаханов ағамыз тегіннен-тегін жан ұшырып жүрген жоқ па.
Жалпы көп тіл білгеннің үлкен пайдасы бар. Қанша тілді білсең, сонша тілдегі ұлтпен байланыс жасайсың. Ақмарал Оуэнді теледидардан бірнеше мәрте елге көрсету керек. "Анамыздың ақ сүтімен берілген тілді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту" деген емес пе атақты Бауыржан атамыз. Ендеше қазақтардың қазақша сөйлей алмайтындығы, білмегендігі үшін қоғам болып күресу керек- деп ойлаймын.
Цитировать
 
 
+27 #4 Жарайсын, Оуэн! 01.11.2011 02:42
Ақмарал мына мысалын біздің жалқау қазақтарға үлкен сын болды! Ұялса енді ұялатын шығар өңшең кертартпалар
Цитировать
 
 
+33 #3 қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі сленгті салыстыру 04.10.2010 13:41
сленг ол уакыт өте өзгеріп отыратын құбылысты сөйлеу процесі, оны тоқтату мүмкін емес. Сленг жаңарудан ешқашан шаршамайды, келесі ұрпақ міндетті түрде сленгін жаңартып өз вульгаризмдерін , арго, некнижнописменн ый сөздерін қосып кетеді. :-)
Цитировать
 
 
+44 #2 сөз 30.09.2010 19:20
[мен сенімен келісемін, ол рас қой. елімізде қанша өзге ұлт өкілдері тұрады, солардың барлығы да қазақтілді сленгтің пайда болуына әсер етеді ғой. сондықтан сленг туралы филологтар жазған дұрыс
Цитировать
 
 
+46 #1 сленг 27.09.2010 22:44
Сонда, сленг деген "жаман" дегенің бе?Ол тілдік құбылыс, прогресс деуге болады, ол тоқтаусыз жүре береді.
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31