«Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.ӘБДУӘЛИЕВ: «Халық денсаулығын ойласақ, азық-түлік сапасына мән берейік»

altЕкібастұз қаласындағы кәріз жүйесінің тозығы жеткені жөнінде аз айтылмай жүрген жоқ. Әсіресе, қалдық суды Атығай көліне дейін жеткізуге арналған өздігінен ағызатын коллектордың сын көтермейтін жағдайы көпшілікті алаңдатуда. Бұл проблеманы алғашқы болып көтергендердің бірі – қаладағы «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі. Бірлестік төрағасы, қаланың құрметті азаматы Тәуекел Әбдуәлиев көмірлі шаһардың жанына батып тұрған мәселені жақсы біледі. Оның айтуына қарағанда, жергілікті алып электр станциялары мен көмір кеніштеріне қарағанда су ағызу жүйесінен келетін қауіп айрықша. Сондықтан қала басшылығы осы жағымсыз жайтты алдымен реттеп алу керек.

alt

Ең бір қауіп тудырып отырған мәселе – қаладағы туберкулезге және жұқпалы ауруларға қарсы ауруханалардан шығатын сарқынды су тазартылмайды. Емдеу мекемелерінен шығатын зиянды су орталық кәріз жүйесіне түспей тұрып алдымен арнайы тазартқыш құрылғыдан өтуі керек. Ол септик деп аталады. Бұрын құрылғы тұрақты жұмыс істеп тұрған, кейін істен шығып, тіптен пайдалануға келмей қалды. Осы мәселе қоршаған ортаны қорғау мамандары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің назарын аудартпай отырғандығы таңқалдырады, дейді Т.Әбдуәлиев. «Сөз жоқ, қазір өңірдегі жұқпалы арулардың көзі осы лас судан келіп отыр. Мамандар септикті қалпына келтіруге 30 миллион теңге қаражат қажет екендігін есептеп шығарған. Алайда оған қала қазынасынан қаражат бөлуге билік құлық танытпауда. Республикалық бюджетке сеніп отыр, бірақ олардың өтініші жыл сайын қанағаттандырылмай тастайды. Жауапты органдардың тұрғындар денсаулығына немқұрайлы қарап, мән бермеуін түсіне алмадық», дейді ол күйінішпен.

Мемлекет басшысы ел халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беруде. Қалаларды айналдыра азық-түлік белдеулерін құруды міндеттеген. Ол өнімдер экологиялық жағынан алғанда таза тағамдар болуы тиіс. Т.Әбдуәлиевтің пікірінше, Екібастұз аймағы бұл талап үдесінен толықтай шыға алмауда. Себебі Атығай көліне дейін лас суды ағызатын коллектордың жарамсыздығынан лас су жерге ағып жатыр. Қалдық судың біраз бөлігі ғана аталмыш көлге түседі. Қалғаны жолшыбай ағып, іркіліп, көлшік болып жатады. Жазда ол жерлермен жүру мүмкін емес. Жағымсыз иісінен ғана емес, ми батпақтан аяқ аттап жүре алмайсын. Ендеше ол жерлер түрлі ауру қоздырғыштардың ордасы емес деп кім айта алады. Ол жерлерде жақын маңдағы ауылдардың төрт түлік малы жайылады. Ал малдың еті мен сүті қаладағы базарларда сатылады. Осымен қатар Құдайкөл ауылының жанында құс фабрикасы бар. Жаңағыдай көлшік соның дәл іргесіне жиналған. Әзірше, мал мен құстан ауру табылып, дабыра туғызған оқиға тіркелген жоқ. Бетін аулақ қылсын дейміз. Тек осы лас судың әлегінен өз денсаулықтарына қаншама зиян келетінін көпшіліктің білгенін қалаймыз, дейді ол.

Т.Әбдуәлиевтің сөзінше, тәуелсіз ұйымдар жергілікті кәсіпорындардың қоршаған ортаға тастайтын өндірістік қалдықтарының зияндылығы мен сарқынды судағы қоздырғыштардың бар-жоқтығын тексере алмайды. Себебі тиісті аспаптар қолда жоқ. «Біздің айтып жүрген қаупіміз бұдан да ауқымдырақ болуы мүмкін. Былтыр коллектордың маңайындағы лас судан түзілген көлшіктерді әуеден суретке түсіріп алғанбыз. Көріп, жанымыз түршікті. Биыл жағдайдың қандай боларын кім білсін. Жауапты органдар бүгінге дейін қордаланып қалған мәселелерден ой қорытып, бір нәтижесін шығарады дегенге сеніп отырмыз» дейді қаланың құрметті азаматы, бірлестік төрағасы.

 

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31