Белсенді еңбек – берекенін басы

     Аудан өмірі толайым істерге толы

 

     Железинка – Ертістің Павлодар өңіріндегі астықты ауданның бірі. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ырғағы қалыпты арнада өрістеп келеді. Егін және мал шаруашылығы бағытында еселі еңбегімен танылып отырған ірі шаруашылықтар көптеп саналады. Төрт түлік мал өргізіп, қамбаларға алтын дән құйып, елдің ырысын арттырып отырған шаруалар қауымы қым-қуыт тірліктің қамымен жүріп жатыр. Жер төсіне дән сіңіру жұмыстары ауданда ойдағыдай тәмамдалған. Енді жазғы шабындық науқанына кірісіп кетті.

     ЖелезинкаауданыныңәкіміЖанатШұғаеватапкөрсеткендей, қазіргіуақыттаауданорталығындамемлекеттік«Жолкартасы» бағдарламасыбойыншаауқымдыжұмыстаржүргізілуде. Бағдарламаның арқасында көптеген азаматтар жұмыспен қамтылып, нәпақа тауып отыр. Ал аудан орталығы «Жол картасының» нәтижесінде жаңаша түрге, жарқын келбетке ие болмақшы. Орталықтағы жолдар жөнделеді. Көріктендіру шаралары жүзеге асады. «Мұның барлығы да ауданымыздың алда тұрған мерейтойына тамаша тарту болмақ» деп атап өтті аудан әкімі Ж.Шұғаев.

     Аудандағы елдімекендер аралығындағы жолдар жөндеу көрмегелі қашан. Былтырғы жылы ауқымды жөндеу жасалған болатын. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар өзінің жалғасын тауып отыр. Қазіргі уақытта ауданның Уәлихан елдімекені төңірегінен бастап шекара шегіндегі Озерный елдімекеніне қарай қатынайтын күре жолдың біраз бөлігі жаңартылуда.

     Железинка өңірінде жүзеге асып жатқан игі істер аз емес. Түрлі салалар бойынша жетістіктер де ауыз толтырып айтарлықтай. Мысалы, Железинка ауданы биылғы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіші бойынша облыста екінші орынды иеленді. Бұл шара ауданда ойдағыдай деңгейде ұйымдастырылды. ҰБТ-ға аудан бойынша 117 түлек қатысты. Орташа балл 84,75-ті құрады. Былтырғы көрсеткіш 73,92 болған еді. Тестілеуге қатысқан железинкалық оқушылардың 13-і 100 балдан артық көрсеткішке қол жеткізді. Ал ең жоғарғы нәтижені Березовка, Железинка №2, Есқара мектептері көрсетті. Міне, ауданның бір ғана білім саласында осындай жетістіктер бар.

     Әлеуметтік ахуалдың барынша жақсара түсуіне аудандағы ірі шаруашылықтар өздерінің қомақты үлестерін қосып келеді. Қала берді, әлді құрылымдар ауылдардың түрлі бағыттағы дамуына жәрдем жасап, демеушілігімен көзге түсіп те отырса керек. Солардың бірі – Қазақстан ауылдық округінде орын тепкен «Бақауов» шаруа қожалығы. Елдімекендердің, мектептердің, медицина нысандарының мұң-мұқтажына назар аударып, жәрдем жасауды қалыс қалдырмайтын қожалық көптеген адамға тұрақты жұмыс тауып беріп отыр. Егін және мал шаруашылығы бойынша аталмыш құрылым ауданда алдыңғы қатарды бермей келеді. Мұның бәрі де жергілікті халықтың көңілін қуанышқа бөлейді. Бірлескен жұмысты жандандыру арқылы шаруашылық тұрғындардың тұрмысын жақсартуға, ауқатты еселеуге жол табуда.

     Шағын кәсіпкерліктің желісін дамыту – маңызды бағыттың бірі. Бұл ретте кәсіпкерліктің жалына жармасқан азаматтар қолда бар барлық мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланып, мемлекеттің қолдау-көмегін көріп келеді.

     Біздің облыста құс өсірумен, соның ішінде қаз өсірумен шұғылданатын шаруашылықтар саусақпен санарлықтай ғана. Солардың бірі – Железинка ауданына қарасты Жаңа жұлдыз ауылындағы «Бақауов» шаруа қожалығы. Шаруашылықтың құс фермасы уақыт алға басқан сайын жаңа мүмкіндіктерге иек артып, барынша ширай түсуде. Құс фермасының меңгерушісі Наталья Карпецтің айтуынша, қазіргі уақытта мұнда 5 мыңнан астам аналық қаз бар. Сондай-ақ күзге таман сатуға шығарылатын тағы 3 мыңнан астам қаз өсіріліп жатыр.

      Шаруашылықтың инкубаторы барлық талаптарға сай жабдықталған. Электроцехта күнделікті жұмыс қарқыны еш толастамайды. Қаз жұмыртқаларын жинау, оларды екшеу, инкубаторларға салу, артынша 27 күн бойы бақылап, қадағалау – осының бәрі қажырлы еңбекті қажет етеді. Инкубатордан шыққан қаз балапандарын күтіп-бағудың өзі ауқымды жұмыстан тұрады. Оларды жем-шөппен қамтамасыз етудің барлық тетіктері жіті ойластырылған.

     - Біздің құс фермамыздан шығарылған қаз балапандары Железинка ауданы аумағына, сондай-ақ көршілес аудандарға сатылады. Сондай-ақ қаз еті облыс орталығына жөнелтіледі. Қаздардың қондылық сапасы жаман емес. Бүгінгі қарқынымыздан таймай, болашақта құс фермасын одан әрі ширата бермекпіз. Біздің әрқайсымыз еңбек майданында белсенділік пен нәтиже көрсетуге ұмтыламыз. Бұл ұстанымнан ұтып келе жатқанымыз мол. Өйткені тек белсенді еңбек қана алдағы берекенің басы болып табылады, - дейді «Бақауов» шаруа қожалығының басшысы Данияр Бақауов.

    Көптеген тұрғындарға жұмыс тауып беріп отырған шаруашылықтың басты ұстанымы - өнім көлемі мен сапасын арттыру. Бұл мақсат құрылымда ойдағыдай жүзеге асып отыр.

Асыл ӘБІШЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31