ҚАЛТАМ ҚАҒЫЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ...

 

 

Соңғы жылдары құзырлы органдар қарапайым тұрғындарға суды, электр және жылу қуаттарын үнемдеуге мәжбүрлейтін шаралар қолданатын болған. Коммуналдық қызмет түрлерін көрсететін кәсіпорындар үшін де жөнсіз ысырапқа жол бергізбейтін амалдар қолға алынған. Себебі бүгінде елімізде энергия үнемдеу мәселесі өзекті болып тұр.
 
- Тарифтерді бекіткенде біз энергия мен шикізат үнемдеу, инфляция мәселелерін жеке ескереміз, деп мәлімдеді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы Қ.Төлендинов.
Өткен жылы осы бағытта бірталай жұмыстар жүргізілді. Нақтылап айтқанда, табиғи монополия нысандарының өтініштерін қарастыру барысында шығынды азайту арқылы қол жеткен үнем көлемі 7657,8 млн. теңгені құрады. Электр энергиясы мен су пайдалануды үнемдеуді мақсат еткен мекеме сараланған (дифференцияланған) тарифтер әдісін қолданысқа енгізді. Тұтынушылар тәулік мезгілдеріне және шектік мөлшерге байланысты төлейтін болды. Яғни, кімде-кім күндіз емес, түнгі мезгілде қуатты пайдаланса, оған төлем аз есептеледі. Шектік тариф те қуатты неғұрлым аз пайдалануға итермелейді. Егер бір айда пайдаланылған электр қуаты әр адам басына шаққанда 110 Квт/сағаттан асып кетсе, шектік мөлшерден жоғары қуат үшін жоғары тарифпен төлейсіз. 
Шектік мөлшерді енгізу нәтижесінде өткен жылы 22,6 млн. теңге үнемделген. Бұл бастапқыда бұлқынып көрген тұтынушылардың бірте-бірте ысырапқа жол бермеуге көндіккенін көрсетсе керек. Бәрібір тиімсіз. Департаменттің мәлімдеуінше, қазір агенттік электр қуатын төлемді пайдалану көлеміне қарай есептейтін жүйенің 3-інші кезеңіне көшуді жоспарлауда. осылайша, құзырлы мекеме тұтынушыларға «қалтаңды ойласаң, қуатты аз пайдалан» деген кеңес беріп отыр.
Осыған дейін су пайдалану бойынша да сараланған тариф енгізілген болатын. Мұнда тұтынушылар бірнеше топқа бөлінген. Әрқайсысына төмен бағада пайдаланылатын су көлемі белгіленген. Көп уақыт өтпей бұл әдістің тиімділігі танылыпты. «Павлодар-Водоканал» ЖШС өткен жылы сумен қамтамасыз ету көлемін 4,8 пайызға азайтқан.
Соңғы жылдары тұтынушылар пәтерлерінде су есептегіш құралдар орнатуға баса мән беретін болған. Олай болмаған жағдайда қызмет көрсетуші кәсіпорын әр адам басына ай сайын пәленбай литрден есептеп, түбіртегін еш шімірікпестен ұсынады. Шын мәнінде, осынша суды ол адамның пайдаланғанын немесе пайдаланбағанын дәлелдеу тым қиын. Сол себепті, яғни өзінің іс жүзінде қанша су шығындайтынын көзге шұқып көрсетуді қалаған тұрғындар қымбаттығына қарамай есептегіш құралдарды құратын болған. Бүгінде тұтынушылардың 77 пайыздан астамы ыстық және су есептейтін құралдар бойынша есеп айырысуға көшкен.
Ал жылу қуатын есептейтін құралдарды орнату мәселесіне келсек, көрсеткіші төмен – 6,14%. Сірә, тұтынушыларға әзірге жылу қуатының төлемі пәтердің аумағына байланысты есептелетіні тиімді болып тұрғанға ұқсайды. Осыдан бір-екі жыл бұрын жалпы үйлік жылу есептегішін құру жөнінде ескертілгенімен, қарапайым халық құп көрмеді ме, әйтеуір белсенділік таныта қоймады. Естуімізше, мұндай құралдар орнатылса да, кейбір үйлердің тұрғындары оны іске жарамсыз етіп тастайтын көрінеді. 
Департамент өкілдері қызмет көрсетуші кәсіпорындардың энергиямен қамтуда қуатты жоғалту көрсеткішіне де баса мән беріп отыр. Ол үшін нормативтік шығындар көлемі азайтылуға тиіс. 2010 жылы осы айтылған мөлшердің төмендетілуі нәтижесінде жылумен қамту саласында 133,8 млн. теңге электр энергиясы бойынша 11,4 млн. теңге үнемделді. 
Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті 2011 жылы коммуналдық қызмет кәсіпорындарының инвестициялық міндеттемелерін тиісті деңгейде орындауын қадағалайтын болады. Айта кетелік, құзырлы мекеме биылғы қаңтар айынан бастап сумен, электр энергиясы және жылу қуатымен қамтушы кәсіпорындардың тарифтерін шамамен 5 пайызға өсірген болатын. 
 
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28