ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙДЫ

 

 

 

    Ғалымдардың зерттеуінше, уақыт өте келе барлық салада электр, жылу және су қуаттарына деген сұраныс арта түседі. Қазіргі кезде еліміздің оңтүстік өңірлерінде энергия тапшылығы сезілуде. Оның орнын толтыру үшін мемлекет іргелі инвестициялық жобаларды іске асыруды, соның ішінде Екібастұз ГРЭС-2 станциясының өндірісін кеңейтуді, Жамбыл жылу-электр орталығының, Мойнақ ГЭС-інің құрылыстарын бастап кетті. Алайда, жаңа қуат көздерін салумен қатар біз қолда бардың құнын да білуіміз керек. Бұл - Павлодар секілді өнеркәсіпті өңірді мекендейтін бізге де міндетті іс.
    Соңғы кезде энергия үнемдеу мәселесіне еліміздің барлық аймақтарында баса назар аударылуда. Қазірде бұл бағытта көптеген іс-шаралар қолға алынды. Мұның бәрі бұған дейін аста-төк байлыққа кенеліп келген бізге енді энергияны үнемдеп пайдаланудан басқа жол жоқ екенін көрсетеді.
    Павлодар облысында энергия үнемдеудің кешенді жоспары қабылданғанын біреу білсе, біреу білмес. Негізгі жоспарлы шаралардың қатарына энергия үнемдеудің нормативті-құқықтық базасын қалыптастыру, өндірістік секторда және бюджеттік салада энергия үнемдеу, жаңартылатын энергия көздері және автоматты жылу пункттері қолданылатын пилотты жобаларды іске асыру және облыста энергия үнемдеуді кеңінен насихаттау жатады.
    Облыс энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім бастығы Нұрлан Машраповтың айтуынша, соңғы кезде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Павлодарэнерго», «Еуразиаттық энергетикалық корпорация», «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы, «Қазхром» ТҰК филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Горэлектросеть», «Павлодар жылу желілері» АҚ секілді облыстың ірі кәсіпорындары өндірісте энергия үнемдеу мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде биыл 20 млн. киловат/сағат электр қуаты, 8,2 мың Гкал жылу қуаты энергиясы үнемделді. Үнемделген энергияның жалпы сомасы 208 млн. теңгені құрады. Айта кетелік, аталмыш кәсіпорындардың техникалық қуат шығындарының мөлшерін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өкілдері жыл сайын азайтып келеді. Бұл тасымал кезінде жоғалатын жылу қуаттарына да байланысты.
    Бюджеттік сала бойынша да энергия үнемдеу шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Аймақтың бюджеттік ұйымдары мен кәсіпорындарында қарапайым шам құралдары энергия үнемдейтін шамдарға айырбасталуда. Бүгінде қуатты үнемдейтін мұндай 6 мың шам орнатылған.
    Жоғарыда айтылған кешенді жоспардың іс-шараларына сәйкес және жылумен қамту ісін жақсарту мақсатында 10 бюджеттік мекемеде 32 автоматтандырылған жылу пункттері орнатылды. Оларды тәжірибеге енгізудің нәтижесінде бюджет қаражаты 25 пайызға үнемделді. 2010 жылы тиімділігі танылған мұндай жылу құралдарды тағы 5 бюджеттік кәсіпорында орнату жоспарланып отыр.
    Облыста энергия үнемдеу мәселесін халық арасында кеңінен насихаттауға да баса мән берілуде. Бұл ретте облыстық және аудандық баспасөз беттерінде осы тақырыпқа байланысты мақалалар тұрақты түрде беріліп келеді. Жыл басынан бері энергия үнемдеу мәселесіне байланысты радио мен телеарналарда 7 хабар беріліп, мерзімді басылымдарда 35 мақала жарық көрді. Облыс бойынша осы тақырыпқа сәйкес стендтер мен билбордтар қойылған. Қазірде облыс энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Қазақстан-Павлодар» телеарнасымен бірге энергияны тиімді пайдалану жөнінде бейнеролик әзірлеу үстінде.
    Сонымен бірге, энергия үнемдеу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыруға қатысты іс-шаралар қолға алынған. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің бұл орайда әзірлеген оқу жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауына жіберілген, құпталған жағдайда оқу осы жылдың қыркүйегінен басталады.
    Энергия үнемдеу мәселесін шешуде жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. 2009 жылдың тамыз айында Павлодар қаласында Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, Ауқымды экологиялық қор сарапшылары «жылумен қамтудағы энергия тиімділігін көтеру жобаларын іске асыруда пәтер иелері кооперативтерінің әлеуетін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Бұл шараға облыстың үш қаласынан ПИК төрағалары келіп қатысты. Семинардың мақсаты - тұрғын үй саласын жылумен қамтудың тиімділігін көтеруге бағытталған жобаларды іске асыруда ПИК-тердің рөлін күшейту, сонымен бірге подъездер мен жертөлелерді, төбелерді жылытуға автоматты жылу пункттерін, есеп құралдарын орнату үшін шағын көлемде гранттар алу мүмкіндігі ұсынылды. Қазірде Ақсу қаласының бір кооперативі грант алуға құжаттар әзірлеуде.
    Жақында облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан тұрақты энергетика қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес өкілдеріне энергия үнемдеуге бағытталған жобаларға инвестиция салуға шақырған конференция ұйымдастырды. Оған өңірдің 50ге жуық өнеркәсіп орны мен шаруа қожалықтары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлері қатысты. Жоғарыда аталған қор инженерлері энергоаудит жүргізу және техникалық ынтымақтастық жасау мақсатында «Қазақстан алюминийі» кәсіпорнында және жиһаз фабрикасында болды.
    Айта кетерлігі, қазіргі кезде С.Торайғыров атындағы ПМУ қуаттылығы 10 кВТ болатын жел генераторы мен күн сәулесін пайдаланатын батарей құралдарын орнату үшін жобалық-сметалық құжаттамаға тапсырыс берді. Жылу аккумуляторлары, жел электр станциясы және тағы да басқа энергия үнемдеуші құрал-жабдықтарды қытайлық кәсіпорыннан сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізілді.
    Облысымыздағы іргелі оқу орнының қуат үнемдеу мақсатында жасап жатқан жұмыстары басқа да мекемелерге үлгі болады ден сенеміз.


Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31