ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ КӨП

 

     Европа елдері үшін энергияны үнемдеу 1973 жылғы дағдарыстан кейін басталды. Ол кезде Таяу Шығыстағы соғыстың салдарынан отын ресурстарының құны төрт есеге дейін қымбаттады. Сол уақыттан бері мұнай мен газдың бағасы тек өсіп келеді де, өндіріс пен коммуналдық шаруашылықтың энергиялық тиімділігін арттыру жалпы европалық идеологияға айналды.
     Қазіргі таңда энергияны үнемді тұтынудың «европалық» үлгісі негізінен үш тараптан тұрады: энергияны үнемді тұтынатын жабдықтарды жаппай қолдану, энергия шығындарын азайту және барлық тұтынылған ресурстарды есепке алу. Осылайша, энергияны кешенді түрде үнемдеу нәтижесінде соңғы отыз жылда Данияның энергиялық сыйымдылығы 35 %-ға азайды.
     Европа елдерінде энергияны үнемдеу күнделікті дағдыға айналған. Халық өз ақшасын үнемдеп қана қоймай, жалпы энергия үнемдеу саласына үлестерін қосуда.
     Европа елдері энергия тапшылығын сезіне бастаған кезде, Кеңестер Одағында энергия ресурстары құнсыз болғаны сонша, оны үнемдеу туралы ой ешкімнің басына келмеді. Қазіргі қолданыстағы тұрғын үй қорының басым бөлігі нақ сол жылдары салынған. Климаттық жағдайларға есептелмеген, жылу сақтау қабілеті төмен сериялық үйлер - жылу энергиясын тиімсіз пайдаланудың мысалы ғана емес, сондай-ақ, біздің күнделікті өміріміздің көрінісі.
     Энергия ресурстарының құны күн санап артып келе жатқан заманда оны үнемді жұмсауға төселу керектігі айтпаса да түсінікті. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, еліміздегі барлық энергия ресурстарының 30% тұрғын үй коммуналды шаруашылығына жұмсалады екен. Жылу энергиясының 40%, электр энергиясының 10%, су ресурстарының 16 % шығындарды құрайды. Ал, осы энергия ресурстарының 30 пайызы біздің үйлерімізден жоғалады.
     Біздің мамандарымыз еліміздің бірқатар қалаларында болып, тұрғын үйлердің жай-күйімен танысып, энергоаудит жүргізді. Нәтижесі көңіл алаңдатарлықтай. Әсіресе, 1960-1980 жылдар аралығында салынған үйлердің төбелік жабындары салынғалы жөндеу жұмыстарын көрмеген, жертөлелердің іші суға толған, кейбір пәтерлердің төбелерінен су ағып, үй іші көгеріп кеткен фактілер жиі кездеседі. Дәліздерде есік-терезелер сынған, кейбір үйлерде сыртқы есік деген атымен жоқ. Жылумен жабдықтау жүйелерінің қазіргі жай-күйі тұтынушылар алатын энергияны реттеуге мүмкіндік бермейді. Қазандықтар мен жылу пункттеріндегі жабдықтардың тозығы жеткен, құбырлар ескірген. Осындай көріністерден кейін, біздің энергия шығынымыз Европа елдеріне қарағанда неліктен көп деп бас қатырмауға да болады.
     Қазіргі таңда энергия үнемдеу шаралары құрылыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сай құрылысты жобалау және салу кезінде қарастырылады. Бірақ біздің жанды жеріміз – ескі тұрғын үй қоры. Олардың жылу сақтау қабілетін арттыру (термомодернизация) жұмыстары қомақты қаржыны талап етеді. Мамандардың айтуы бойынша, нағыз энергия үнемдеу ресурстары осы шараларға байланысты болмақ. Термомодернизация жобасының құрамына мынадай жұмыстар кіреді: жылу есептеу құралын орнату, жылу тұтынуды автоматты реттегіш құрылғыларды орнату, үй қабырғаларының жылу сақтау қабілетін арттыру, инженерлік жүйелер мен ескі терезелерді ауыстыру. Айтып өткеніміздей, бұл шаралар көп көлемде қаражат талап ететіндіктен, үкімет тарапынан қаржылай көмек болмаса, тұрғын үй иелерінің шамасы келе қоймайды.
      Көрші Ресей елінде енгізілген жобалар нәтижелері көрсеткендей, қабырғалар арқылы жоғалатын жылу шығындарының алдын алу жылыту шығындарын 2-3 есеге азайтады.
Ескі тозығы жеткен, кетеуі кеткен терезелерді жаңа энергия үнемдегіш терезелерге ауыстыру нәтижесінде бөлмеден жоғалатын жылуды 30 пайызға азайтуға болады.
     Энергетикалық тиімділікті арттырудың тағы бір бағыты – үйлердің инженерлік жүйелерін жаңғырту. Егер үйдің инженерлік жүйелерін жаңалайтын болса, жылытуға жұмсалатын энергияның 40 пайызын үнемдеуге болады.
     Әрбір пәтерге сумен қамту жүйелерінің есептегіш құралдарын орнатқаннан кейін, тұрғындардың су ресурстарын тиімді пайдалана бастағаны белгілі. Олай болса, үйлерге де жылу есептегіш құралдарын міндетті түрде орнатып, жылумен қамту қызметі үшін есептегіштің көрсеткіші бойынша ақы төлеуді ұйымдастыру керек. Үйлерге есептеу құралын орнату тұрғындардың басқа да энергия үнемдеуге бағытталған іс-шараларға атсалысуына итермелейтін бірден-бір шара.
     Энергия ресурстарын үнемдеп, туған табиғатымыздың сақталуына үлес қосу үшін аса күрделі техника мен ұзақ уақыттың қажеті жоқ. Тек әркім өзінің әдеттері мен дағдыларына есеп бере қараса, энергияны үнемдеудің бірнеше әдіс-тәсілін көруге болады. Мамандардың айтуынша, тиімді пайдалана білсек, тұтынып жүрген энергияның 40 пайызын үнемдеуге болады. Кез-келген энергия үнемдеу шарасының қайтарымы бар екені белгілі, дегенмен бұл шараларды жеке-дара жасағаннан гөрі кешенді түрде орындаса, энергия үнемдеуге жұмсалған 1 теңгенің 5 теңге болып қайтып келетіні сөзсіз.

Айман ШОПАЕВА,
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Энергетикалық тиімді технологиялар департаментінің директоры.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31