АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

 

     Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы С.Кәменов өткен жартыжылдықта жүзеге асырылған жұмыстар жайлы баяндады.
     Баспасөз мәслихатында басқарма бастығы Сайын Кәменов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ағымдағы жылдың бірінші жартысындағы электр және жылу энергиясын өндіру көлемі туралы айтты. 2010 жылдың бірінші бөлігінде облыстың энергия өндіруші кәсіпорындары 18,7 млрд. кВт сағат электр энергиясын және 7,4 миллион Гкал жылу энергиясын өндірген. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру көлемінің 117,3%-ға және жылу энергиясы – 109,4%-ға өскен деген сөз.
      Өңірімізде республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде 3 электр станциясында қуаттарды арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Екібастұз ГРЭС-2» ЖШС №8 энергоблогының, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ №3 энергоблогының және «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ №2 блогын қалыпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары іске асыру мерзіміне сәйкес аяқталмақ.
Жиын барысында сонымен қатар аймағымыздағы «Жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы сөз болды. Мемлекет басшысының 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жөндеу және қалалар мен елдімекендерді көріктендіру бағыты бойынша 31 жоба жүзеге асырылады деп мәлімдеді Сайын Уәлиханұлы. Атап айтсақ, 13 сумен жабдықтау және су бұру жобасы, 4 жылумен жабдықтау жобасы, 2 электрмен жабдықтау жобасы және 12 көріктендіру жобасы жүзеге аспақ. Жөндеу жұмыстары бойынша ағымдағы жылы 2194 жұмыс орны ашылып, оған 1272 адам жұмылдырылды. Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде атқарылатын жұмыстар шеңберінде үстіміздегі жылы Қашыр ауданы Фрументьевка ауылының және Баянауыл ауданы Майқайың кентінде су құбырлары қайта жаңартылуда. Сонымен қатар Ақсу қаласы Черемушки кентінің және Павлодар ауданы Чернорецк ауылының, сондай-ақ Павлодар қаласының Лермонтов көшесі бойында кәріз коллекторын қайта жаңарту жұмысы жалғасын табуда.
     Павлодар облысының күзгі-қысқы маусымына дайындық деңгейі көңіл көншітерлік. Облыс электр станцияларында 28 бірлікті жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі күні 9 бірлік күрделі жөндеуден өтті. Жоспарланған жұмыстар кестеге сай атқарылуда. Дайындық іс-шараларына сәйкес облыс бойынша алдағы күзгі-қысқы кезеңге 944 тұрғын үй, 341 білім беру және 249 денсаулық сақтау нысандары даяр. Ал Май, Баянауыл, Железинка, Ертіс аудандарында қысқы маусымға дайындық жұмысы жоспарға сай орындалуда.
     Бюджеттік салада энергияны үнемдеу мәселесі де назардан тыс қалмады. Өңіріміздің бюджеттік мекемелері мен ұйымдарында қарапайым қыздырғыш шамдарды энергия үнемдеуші шамдарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта 6000-нан аса энергия үнемдеуші шам орнатылған. Энергияны үнемдеуге бағытталған іс-шаралар нәтижесінде 10 бюджеттік мекемеде 32 автоматтандырылған жылу пункті орнатылған. Оларды енгізуден үнемделген бюджет қаражаты 6 миллион теңгені құрап отыр.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31