ҚАЛА КӨРІКТЕНІП КЕЛЕДІ

 

     Кейінгі кезде Ақсу ажарланып, көрікті қалаға айналып келеді. Бұл - күнделікті үзбей жүргізілген көріктендіру жұмыстарының нәтижелі жемісі.

     Ақсу қаласының көркін арттыру мақсатында арнайы жоба іске асырылуда. Қалада 5553 шаршы метр жерге гүл отырғызылды. Мердігер - Павлодар қаласының «Горзеленстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш фирма бұл нарықта ұзақ жыл жұмыс істеп келе жатқан мамандандырылған ұйым болып саналады. Германияда өндірілген питунья, тагетис, цинерария бір жылдық гүлдердің көшеттерін отырғызумен айналысатын «Горкомхоз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Энтузиастар көшесі мен халыққа қызмет көрсету орталығы, Ертіс жағалауы, Ауған жауынгерлерінің ескерткіші, Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші, «Даңқ» ескерткіші, кіреберістегі стелла - «Шаңырақ», «Караван» сауда үйінің алдында алуан түрлі гүлдер өсіруде. Сондай-ақ, Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімінің қолдауымен Энтузиастар көшесі бойынша 500 шаршы метр жол жиектері гүлмен көмкерілді. Қамзин көшесіндегі алаңға 7000 шаршы метр жерге «Canada Supergreen» өнеркәсібімен көгал шөбін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Санитарлық жағдай мен қаланың келбетін таза сақтау мақсатында қаланың басты көшелерінде Германияда шығарылған қөң-қоқыс жәшіктері орналастырылды. Қазіргі заманға сай жабдықталған көң-қоқыс шығаруға ыңғайланып жасалған 184 жылжымалы-көшпелі контейнерлер жеткізілді. Әр мерекеге сәйкес қаланы жарықтандыру жұмыстарына да баса назар аударылып отыр.

Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31