ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫС ОЙДАҒЫДАЙ ОРЫНДАЛУДА

     Павлодар облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Марат Қабдуәлиев 2010 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылап, жыл соңына дейін жоспарланған жұмыстар туралы баспасөз-мәслихатын өткізді.
     Соңғы уақыттарда Павлодар қаласының көшелері мен ғимараттары көріктеніп келеді. Көшелерінен әртүрлі кейіптегі мүсіндер мен шағын ескерткіштер көрініс тауып, ғимараттары тамаша сипатқа ие болған Павлодар қаласының келбеті көз тартарлықтай. «2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары бас жоспарының кескін-келбеттірін жасауды бастадық. Осы мақсатта ауқымды шараларды жүргізіп жатырмыз. Баянауыл селосының бас жоспарын дайындадық. Енді кезекте жоспарды орындау жұмыстарын бастаймыз» - деді сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы М.Қабдуәлиев.
    Басқарма бастығы 2010-2011 жылдарға жоспарланған Майқайың, Қалқаман, Солнечный және Ленин кенттерінің бас жоспары жобаларын егежей-тегжейлі зерттеп жатқанын айтты. Алдағы уақытта бас жоспарлардың жаңаша қарқынмен жылжуы облысымыздың жайнап-гүлденуіне ерекше серпін берері сөзсіз.
     Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 шілдесінде бекітілген «Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы жұмыстары туралы» Заңына сәйкес 2009 жылдың 11 желтоқсанынан бастап облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры құрылған болатын. Техникалық-экономикалық негіздеме үшін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы 14 миллион теңгені игерді. «2005-2007 жылдарға арналған «электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасы мен Павлодар облысы әкімдігінің ғимараттарды мекенжайға тіркеу нұсқаулығын мақұлдау мақсатында көптеген жұмыстар жалғасын табуда. Облыс орталығында кейбір нысандар мекенжай бойынша тіркелмеген, тіпті екі ғимарат бір мекенжайда тіркелген фактілер де бар»,-деді басқарма бастығы.
     2010 жылдың соңына дейін Павлодар облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяға, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар Павлодар қаласының шыға берісіндегі (әуежай маңы) айналма жол қалпына келтірілді. 26 тұрғын үй фасады күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Жөнделген тұрғын үйлердің көбі - Павлодар қаласының Академик Сәтбаев, Кутузов және Торайғыров көшелеріндегі ғимараттар. М.Қабдуәлиев Кутузов көшесі бойына көгалдандыру мен сәндік ағаштарды орнату шаралары ұйымдастырылғанын айтты. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастамасымен Павлодар қаласы әуежайының ішкі келбеті қайтадан жаңартылды. Музыкалық мектептің, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың және Славян орталығының сырт келбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Еркебұлан ӘМІРЕНОВ,
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31