БИЫЛ 71 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН БОЛДЫ!

Жыл құстарының қанатымен ілесе келген көктем енді, қыс бойы сақылдаған сары аяздан тоңған жердің тұла бойын жібітіп, тоңдарын еріте бастайды. Көктем шуағы әсер етсе керек, Үкімет мүшелері Министрлер Кабинетінің кезекті отырысына көтеріңкі көңіл-күймен жиылды. Тек Төтенше жағдайлар министрінің ғана «Көктем келді құлпыртып кең даламды, әнге салып гүлдентіп айналамды!» деп әндетуге құлқы жоқтай көрінген. Ол әріптестеріне Көксарай тоспасының жайын әңгімелеп берді. В.Божконың айтуынша, қазіргі уақытта Көксарай су реттегішінде жинақталып жатқан судың көлемі ендігі жарты миллиард текше метрден асып кетіпті.

Сырдың тентек суларын құрықтаған бұл құрылым әзірге толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ, бірақ ТЖМ басшысы Владимир Божко Көксарай су реттегішін жобада бекітілген толық қуаттылығына шығаруға қатысты ешқандай проблема жоқтығына сендірді. «Қазір Қызылорда өңіріне су тасқыны қаупін тудырмау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, солардың әзірлеген кестесіне сәйкес, су әкету жүргізілуде. Көксарайда ендігі 650 миллион текше метр су жиналды» деді министр. Әйткенмен, үрейленуге еш негіз жоқтай: Көксарай ауқымы бұдан әлденеше есе көп суға «сарай» бола алады.

- 3 текше шақырым су қабылдауға біз дайынбыз! - деп баяндады В.Божко. - Көксарайды уақытынан кешігіп, іске қосуға себеп болардай қандай да бір кілтипандар бізде жоқ. 10 миллиард теңге бөлінді. Біз оларды дер кезінде игереміз! Көксарайды толық қуатында іске қосу тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылып, қамтамасыз етіледі, - деді Төтенше жағдайлар министрі.

Жалпы, мемлекет ұлтымыздың ең ұлық мерекесі - тәуелсіздік мерекесіне және мерейтойға ірі тарту жасауға қызу әзірленуде, ол әрине, елді көркейтер, экономиканы өркендетер, халықтың ахуалын жақсартар индустриялық жобалар болмақ. Кеше жария етілгеніндей, биылдың өзінде Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның 71 жобасы іске қосылатын болды. А. Рау бұлардың ішінен он екісін «аса ірі жоба» деп, бөле-жара айтты, оларға 330 миллиард теңге инвестиция құйылған екен, осы жобаларды 9 мыңнан астам құрылысшы салады, ал кейін пайдалану кезінде оларда 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылатын көрінеді.

Айтпақшы, биыл ел игілігіне тапсырылатын әлемдік озық технологияларға негізделген зауыт-фабрикалардың, жаңа тұрпатты инфрақұрылым нысандарының қатары 71-ден де асып түсуі мүмкін екен. Кеше Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің осы наурыз айының соңына дейін индустрияландыру картасын жаңа жобалармен толықтыратындығы мәлімделді. Бұл жерде ел басшылығының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнестің де жобалары осы құжаттан ойып орын алмақ. «Бүгінде министрлікке картаға жоба қосу туралы 303 өтінім түсті, - деді А.Рау. - Олардың 206-сы - 2011 жылғы жобалар, соның ішінде 70-і - ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін іске қосылмақ». Дегенмен кемшіліктер де кездесуде екен. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өткен жылы іске қосылған нысандарының 30-ы жобалық қуатында жұмыс істеуге көшіпті. Құрылыс жұмыстары бітпеген нысанды тапсырып, бәзбір шенеуніктер мен жоба қожайындарының көзбояушылыққа баратындығын былтыр Елбасы сынға алған болатын. Осы орайда Үкіметтің тапсырмасымен, Қазақстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасы Жаңа индустрияландыру бағдарламасы жобаларының іске асуы барысына тәуелсіз мониторинг жүргізген. «Ревизия» нәтижелерінің шет-жағасы кеше жария етілді. А.Раудың сөзіне жүгінсек, барыс жылының тіпті бірінші жартыжылдығында, бүкіл елге жар сала, сән-салтанатпен іске қосылған кәсіпорындардың барлығы бірдей өнім өндіруге кірісіп кетпепті.

Бұлар мысалға, Орал ГТЖ (бұл газ-тасымал жүйесіне 60 миллион доллардай қаржы шығындалған деседі, қуаттылығы 54 мегаватты құрайтын бұл газотурбиналық станса биылғы жылдан бастап, электр қуатын өндіруге тиіс болатын), Степногордағы ірі жылыжай кешені және басқалар. Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі сондай-ақ кейбір жобалар бойынша тек сынақтық іске қосу жүргізіліп жатқандығын, болмаса өндіріс тек маусымдық сипатқа ие екендігін жеткізді. Ал кейбірінде «іске қосылудан» «ақырғы өнім шығаруға» дейін бірақ уақыт талап етілетіндігі анықталған. Осы орайда ел басшылығын дұрыс емес дерекпен байлап-матап қоймау үшін, Альберт Раудың айтуынша, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Статистика жөніндегі агенттікпен бірлесіп, ҮИИД жобаларының іске асуына талдау жүргізу мәселесін пысықтаған». «Бұл енді тоқсан сайынғы статистика болады, ол индустрияландыру картасының ендігі іске қосылған жобаларының жобалық қуаттылығына шығуын қадағалап отырады» деді бірінші вице-министр.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің дерегінше, 2010 жылы индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 800 миллиард теңгеден асатын 152 жоба қолданысқа беріліпті. Оларда ресми дерек бойынша 23 000 тұрақты жұмыс орны ашылған екен. Министрлік барлық іске қосылған жобалар бойынша эксплуатацияға қабылдау актілері барлығын растады.

 aikyn.kz.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31