ЗАҢДЫ ЖЕТIЛДІРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

 


Кеше облыс әкімдігінде ҚР Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің көшпелі кеңесі болып өтті. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен жиында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Бірқатар министрлік басшылары жергілікті кәсіпкерлердің сұрақтарына да жауап берді.

 

Комитет төрағасы Сейітсұлтан Айымбетовтің айтуынша, Павлодар жерінде көшпелі кеңес өткізудегі мақсат - индустрияландыру бағдарламасын нәтижелі іске асыруға ықпал ететін ұсыныстар жинау. Бұл аймақ - еліміздің ірі индустриялық орталығы. Былтыр облыста 30 жаңа жоба пайдалануға берілді. Биыл да біздің өңір осы қарқыннан таймайды. Осылайша, индустрияландыру саясаты бойынша Павлодар облысы үздіктер қатарында келеді.

Экономиканы одан әрі жаңғырту - заман талабы. Сондықтан Үкімет мүшелері мен Мәжіліс депутаттары кәсіпкерліктің өрісін кеңейту мақсатында заң шығару ісін жетілдіруді көздейді. Оның нәтижесі әрбір қазақстандықтың тұрмысын жақсартуға әкеледі.  2010 жылы елімізде жалпы құны 800 млрд. теңгеден асатын                  152 инвестициялық жоба жүзеге асты. Іргелі өндірістің қатарында электролиз зауыты да бар. Бір жылда мұндай ірі экономикалық табысқа ТМД елдерінің ешқайсысы қол жеткізген емес.

Кеңесте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Раудың мәлімдегеніндей, бірінші жылда бағдарламаны табысты іске асырдық десек те, әлі де түйіні табылмаған түйткілдер кездеседі. Еліміздің барлық өңірлері Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тәрізді жоғары әлеуетке ие емес. Алайда 2015 жылға қарай экспортқа шығарылатын шикізаттық емес өнімдердің үлесін 40 пайызға дейін жеткізу міндетін орындауға тиіспіз. Осы орайда сыртқы нарыққа тауарларды өткізуге байланысты Үкімет бірқатар жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беруде. Мәселен, таяуда Қытайдан осындай мақсатта бір өкілдік ашылды. Себебі, дәл осы қытайлықтар тұтынатын 250 түрлі өнімді шығаруға біздің елдің қауқары толық жетеді. Үкімет өндірістерде өнімділікті көтеруге арналған бағдарлама бойынша іс-шараларды белсенді жүргізуге кіріспек. Облыс әкімінің орынбасары М.Оспановтың баяндағанындай, облысымызда аталмыш бағдарламадан үміт күтетін ірі кәсіпорындар бар. Олар мемлекет ұсынатын жеңілдіктердің игілігін көргісі келеді.

Бақытжан Әбдірұлы Павлодар жерінде арнайы экономикалық аймақ құру жобасын қуаттағаны үшін министрлік атына алғыс айтты. Химиялық паркті өткен жылы іске қосылған «Каустик» кәсіпорны төңірегінде ашу көзделеді. Аймақ басшысы алюминий құймасын одан әрі өңдеуге қатысты жобалардың барын жеткізді. Бірақ инвесторлар салықтық жеңілдіктер сұрайды. Өз сөзінде А.Рау бұл ұсынысты қолдайтынын білдірді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов өз баяндамасында бүгінде өзін-өзі еңбекпен қамтушы деп аталатын екі миллионан астам ауылдықтың табысы да, жұмысы да шектеулі екенін атап өтті. Сол себепті, олардың мүмкіндіктерін кеңейту көзделеді. Бұл ретте осы жылдың екінші жартысынан бастап арнайы бағдарлама іске аса бастайды. Оның негізінде кәсіпкерлікке ынтасы бар ауыл тұрғындары анықталып, оларды кәсіби оқуға жібереді. Кейін мамандарды даму мүмкіндігі бар елді мекенге көшіріп, оған тұрақты жұмыспен қатар баспана да беріледі. Арзандатылған несие беру жағдайы да қарастырылған.

Облыс әкімінің атап өткеніндей, қазірде жергілікті билік облыс орталығына жақын Ленин кентінде, басқа да қалалар мен аудандарда құрылысы аяқталмай қалған, қараусыз жатқан үйлерді қалпына келтіру ісін ойластыруда. Билік баспана табуға міндетті болса, шаруа қожалықтары маманды тұрақты жұмыспен қамтуды мойнына алады.

Баяндамалардан соң кеңеске қатысқан кәсіпорын басшылары көкейдегі мәселелерін бүгіп қалмауға тырысты. Олардың дені салықтық жеңілдіктер алуға, сыртқы нарыққа өнім өткізуге байланысты болды. 

Кеңесті қорытындылай келе, ҚР Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрағасы С.Айымбетов кәсіпкерлер тарапынан айтылған мазмұны терең ұсыныстардың мүмкіндігінше қаралатынын айтты. Соңында облыс әкімі Б.Сағынтаев талқыға салған жиынға қатысқаны үшін Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттарына ризалығын білдірді.

Н.ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31