СЕРПІНДІ ЖОБАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ МОЛ

Жұма күні Павлодар қалалық Естай атындағы мәдениет сарайында облыстың индустриялық-инновациялық жобаларының көрмесі болып өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға өңіріміздің жиырмадан аса кәсіпорны қатысты.

- Қазіргі кезде Президенттің тапсырмасы бойынша еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл ретте Павлодар облысының алатын орны ерекше. Бүгінгі көрмеде қол жеткен табыстарымызды көрсетіп отырмыз. Облыста жалпы 122 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Былтыр 30 жоба пайдалануға берілді, - деді ашылу салтанатында сөйлеген облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Нұрбек Әнуарбек.
Көрмеде Елбасының өзі тұсауын кескен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның салмағы 20 келіден асатын алюминий құймалары қойылыпты. Сондай-ақ, былтыр іске қосылған мембранды әдіс арқылы хлор және каустикалық сода өндірісі шағын көрнекілік құралдар арқылы көрсетіліпті. Өткен жылдың аяғында «Екібастұз ГРЭС-1 станциясы» құрған электр сүзгісінің  макетін ұсынған. Жүк вагондарын құрастырушы тұңғыш кәсіпорын «Қазақстан вагон жасау компаниясы» да көрмеге назар аудартатын шағын вагон моделін ала келіпті. Одан басқа, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы, «Қазэнергокабель» АҚ, «KSP Steel» ЖШС филиалы, «Проммашкомплект» ЖШС тәрізді өндірістерін жаңғыртуға мән берген компаниялар да көрмеге келушілерді өз жетістіктерімен таныстырды.
- Биылғы жыл - біздің кәсіпорнымыз үшін ерекше. Себебі, бізге 5 жыл толады. Осы аз ғана уақыт ішінде нарықта өзімізді таныта алдық. Таяуда «Бизнестің жол картасы» бойынша жеңілдетілген несие алып, ендігі жерде аймақтық индустрияландыру картасы шеңберінде өндірісті ұлғайтуға кірістік. Айына 2 млн. шаршы метр картон қағаз өнімін шығаратын боламыз. Мемлекеттің жан-жақты қолдауына ризамыз, - деді «Гофротара» ЖШС директорының орынбасары Райхан Шалабаева.
Аймақтың индустриялық-инновациялық дамуын паш еткен көрмеге кәсіптік оқу орындарының студенттері де қызығушылық таныта келіпті. Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің студенті Алдияр Садықов өзінің ықыласы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жобасына ауғанын айтты. Екібастұз көмір кенішінің көлік жолын модернизациялауы кәсіпорынның дамуды көздегенін көрсетеді, деді ол. Бүгінде алып кәсіпорын елімізді ғана емес, көршілес мемлекеттің электр станцияларын да көмірмен қамтамасыз етуде.
Айта кетелік, биылғы жылы облыста 37,7 млрд. теңге тұратын 40 жобаны іске қосу жоспарланған. Оларда 900-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.


 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30