КӘСІПТІК МАМАН ДАЯРЛАУ – МАҢЫЗДЫ ІС

Сәрсенбі күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы Ертіс өңірі металлургиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оны аталмыш университет пен «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты»  акционерлік қоғамдарының басшылығы бірлесіп ұйымдастырды. Конференция барысында студенттер өндірістерді қазіргі заманға сай ұлғайту және өнімділікті жетілдіру, энергия үнемдеу секілді бірқатар маңызды тақырыптар бойынша ғалымдар мен өнеркәсіп орындарының басшыларынан дәріс алды.


- Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономиканы жедел жаңғыртудың жолы ретінде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Осы орайда жаңа өндірістерде жұмыс істейтін кәсіптік мамандар даярлау ісін заман талабына сай жетілдіруіміз керек. Университетімізді бүгінде Үкімет, Парламент, облыс басшысы деңгейінде қызмет ететін талай тұлғалар тәмамдап шықты. Біздің ғалымдарымыз инновациялық жобалар әзірлеуде де табыстарға жетіп жатыр. Алайда жуырда облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей,  әзірге жаңашыл жобаларымыз тікелей өндірістерде қолданылып жатқан жоқ.     Ғылыми жетістіктер өндірісте, іс жүзінде пайдаланылуға тиіс деген пікірді мен де құптаймын. Осы жолы «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ сияқты металлургия алпауыттарымен бірлесіп қолға алған конференцияның мақсаты да - осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілету, - деді өз сөзінде С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы Ерлан Арын.
«Қазақстан электролиз зауыты»  АҚ-ның өндіріс бойынша вице-президенті Рева Пак аймақтың кәсіптік мамандар даярлауда және индустриялық дамуда мүмкіндіктері мол екендігіне тоқталды.
-Бүгінде ірі өндірістерде жұмыс істейтін орта буынды инженерлер осы университеттен білім алып шықты. Жаңа ғана мен оқу орнындағы технологиялық паркті аралап, мұндағы ғалымдардың жемісті еңбек етіп қана қоймай, білген-түйгенін студент жастардың бойына да сіңіріп жатқанына көз жеткіздім. Біз С.Торайғыров атындағы университетпен мұндай деңгейде алғаш қоян-қолтық араласып отырмыз. Алдағы уақытқа белгілеген жобаларымыз бар. Бірге жүзеге асырамыз деп үміттенеміз. Қазірде Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербургтегі оқу орындарымен байланыс жасаудамыз. Жергілікті университеттің студенттері Қазақстан электролиз зауыты секілді ірі өндірістерде өздерін сынап көруге толық жағдай жасалған. Шындығында, біздегідей озық технология негізінде алюминий өндіретін зауыт кемде-кем. Ресейдің бір ғалымы айтқандай, кезіндегі бүкіл Кеңес одағы металлургтерінің арманы қазақ жерінде орындалды,- деді ол.
Түрлі тақырыптар бойынша сессияларға бөлінген жастар орыс, тәжік, өзбек елдерінен келген профессор ғалымдармен ой бөлісіп, пікір алысты. Осы тектес пайдалы шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады. Себебі Қазақстан экономикасын жаңарту саясаты 2020 жылға дейін жүзеге асырылады. Яғни, уақыт өткен сайын индустрияландыру бағдарламасының маңызы арта түседі.


Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31