Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургтері кәсіби мерекесін жаңа табыстармен қарсы алуда. Мұнда үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуге негізделген жаңа цехтар қосылып, жобалық қуаттарға қол жеткізуде. Зауыттың техникалық директоры А.Суслов ақпарат құралдары өкілдерін жетістіктерімен жете таныстырды. Алдымен журналистерге зауыттың жұмыс киімін кигізіп, ыстық өндірістің жанында жүргенде қауіпсіздік негіздерін сақтауды ескертті. Себебі, ферроқорытпалар өндірісі – жаза бассаң, жазатайым оқиғаларға ұшыратуы мүмкін түрлі механизмдерге құрылған. Біз ТМД бойынша ірі өндірістің ішіне «біссіміллә» деп аяқ бастық.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ
Ақсу қаласы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 16 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

