Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай, кеше «Қазақстан алюминийі» АҚ ұжымында салтанатты шара өтті.
Аталмыш кәсіпорын жұмысының алға басуына зор үлес қосқан қызметкерлер түрлі деңгейдегі марапаттауларға және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, зауыт өмірі мен жұмысына белсене қатысқан бір топ металлургке арналып Құрмет тақтасы ашылды.
Салтанатты шара барысында сөз алған «Қазақстан алюминийі» АҚ президентінің міндетін атқарушы Иван Батрашкин зауыт ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, кәсіпорынның ел экономикасын көтеруге қосқан үлесі мол екенін айтып, қол жеткен жетістіктерге тоқталды.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 16 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

