«Қазақстан алюминийі» АҚ биылғы шілдеден бастап бұрын-соңды болмаған жаңа өндірістік қуатты игеруге көшті. Енді зауыт жылына 1,7 млн. тонна алюминий тотығын (глинозем) өндіреді. Бұған дейін елімізде бәсекелесі болмаған өнеркәсіп орны осы күні модернизациядан өткен соң тұтас ТМД-да теңдесі табылмас өндіріс алпауытына айналды. Елбасының өнімділікті көтеру бағытында берген тапсырмасын металлургтер абыроймен орындап отыр.
«Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Алмаз Ибрагимовтің айтуынша, бір кездегі Павлодар алюминий зауытының жобалық қуаты 1,022 млн. тонна өнімді ғана құраған. Яғни, зауыттың осынша көлемнен артық тауар шығаруы әу баста жобаланбаған. Алайда, заман өте келе технология жетіліп, соның арқасында, «Қазақстан алюминийі» рекордтық көрсеткішке иек артқандығын барша елге жар сала айтуда. Енді жыл сайын осы өндірістен шыққан 1,7 млн. тонна алюминий тотығы өз тұтынушыларына жөнелтіледі.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 23 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

