Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы отандық кәсіпкерлер үшін жаңа көкжиектер ашып отыр. Ел Президенті атап өткендей, бизнес мықты болса, мемлекет те соғұрлым күшті болмақ. Өткен жылы басталған еліміздің үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы Павлодар өңірінің экономикалық келбетіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Қысқа ғана уақыт ішінде аймақта жаңа кәсіпорындар ашылып, шағын және орта кәсіпкерлік қанатын кеңге жайды. Өндіріс қарқынының ең батыл болжамдардан асып түсті. Кәсіпкерлер мұндай жетістікке мемлекет қолдауының арқасында қол жеткізгендерін айтады.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 4 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

