билік партиясының отырысына қатысқандар осылай деп ой түйді
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізуде. Жаңа әдістер мен тәсілдерді айқындау мақсатында нұротандықтар кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін тұрақты талқылап, жергілікті шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын әзірлейді. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясы мүлдем жаңа бағдарлама әзірлеп жатыр. Бұл туралы Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин жүйе құраушы кәсіпорындардың қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында мәлімдеді.
Ф.ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 18 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

