ТАЯУДАЕГІНОРАҒЫАЯҚТАЛАДЫ

    Ауданымыздың егін алқаптарында астық орағы қызу жүріп жатыр. Сондай шаруашылықтың бірі – «Астық» ЖШС. Аталмыш серіктестік диқандары көктемде 5700 гектарға бидай, 2600 га жерге күнбағыс, 800 гектарға қарақұмық, 30 гектарға тары еккен. Өкінішке қарай, биылғы жазғы қуаңшылыққа байланысты қарақұмық пен тары шықпаған, ал бидайдың әр гектарынан диқандар 5-6 центнерден астық жинауда. Егістікте германиялық 5 комбайн және өздігінен жүретін «Макдон» техникасы жұмыс істеп жүр. Қызметкерлер уақытпен санаспай астықты дер кезінде жинап алуға бар күш-жігерлерін салып жатыр. Комбайнмен күніне 300 гектар алқаптан егін орылады. Жұмысшылар үшін егістік даласында бар жағдай жасалған. Диқандар таяуда егін орағы аяқталады деп жоспарлап отыр. Бұдан соң «Солярис» агрегатымен тырмалау  басталады. Мұндай жұмысты жеті мың гектарлық егістік алқабында жүргізіп, арам шөптердің шығуын анықтамақ. Бригадирдің айтуынша, жалпы осы серіктестікте қызмет етіп жатқан әрбір азамат егінді дер кезінде жинап алуға барынша үлес қосып жатыр. Сондықтан да диқандар жиын-терін жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтамақ.

Т.СМАҒҰЛОВ

Ақтоғай ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30