ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ: ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ 742,5 МЫҢ АДАМДЫ ҚҰРАДЫ

2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16 009 597 адамды құрады. 

Санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1 028 316 адамға өсті, өткен 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,9%-ды құрады.

2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Павлодар облысы халқының саны 742,5 мың адамды құрады, ал 1999 жылғы санақ бойынша 807 мың адамды құраған болатын.

Павлодар облысы бойынша қала халқының саны 504,6 мың адамды, ауыл халқы – 237,9 мың адамды құрады. Сонымен бірге, қала халқының саны 1999 жылғы санақпен салыстырғанда 6,9 мың адамға, немесе 1,3%-ға, ал ауыл халқы 57,6 мың адамға, немесе 19,5%-ға азайды. Облыста қала халқының үлесі 68%-ды, ауыл халқы – 32%-ды құрады, 1999 жылы олардың ара-қатынасы тиісінше 63,4% және 36,6%-ды құраған еді.

Павлодар облысы Қарағанды (мұнда 77,5%-дан астамы қала халқын құрайды) және Ақтөбе (61%) облыстарымен қатар республиканың ең шаһарланған өңірлерінің бірінші үштігіне енді. Павлодар облысы бойынша 68%-ды қала халқы құрайды. Ауыл халқы негізінен Алматы (барлық халықтың 76,9%-ы), Солтүстік Қазақстан (60,2%), Қызылорда (58,1%) және Жамбыл (60,4%) облыстарында шоғырланған.

Ерлер саны облыс бойынша 349,2 мың адамды, әйелдер – 393,3 мың адамды құрады. Өткен санақпен салыстырғанда ерлер саны 35,5 мың адамға, немесе 9,2%-ға, ал әйелдер саны – 29 мың адамға, немесе 6,9%-ға азайды. Ерлер мен әйелдер санының ара-қатынасы әйел халқы үлесінің ерлерден артуымен қалыптасты (тиісінше 53% және 47%). 1999 жылы әрбір 000 әйелге 911 ер адамнан келсе, 2009 жылы әрбір 1000 әйелге 888 ер адамнан келді.

Жекелеген этностардың өзгерісі санақаралық кезең ішінде Павлодар облысы бойынша келесі деректермен сипатталады:

Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 13,4%-ға өсті және 353,7 мың адамды құрады. Орыстар саны 14,8%-ға азайып, 288 мың адамды, немістердің де саны 52,8%-ға азайып, 20,7 мың адамды, ал украиндардың саны 35,9%-ға азайып, 40,1 мың адамды құрады.

Осылайша, облыс халқының жалпы санындағы қазақтардың үлесі 47,6%-ды, орыстар – 38,8%-ды, украиндар  – 5,4%-ды, немістер – 2,8%-ды, татарлар  – 1,9%-ды және басқа этностар – 2,8%-ды құрады.

738,6 мың адам, немесе облыс халқының жалпы санынан 99,5%-ды Қазақстан Республикасының азаматтары құрады, ал басқа мемлекеттердің азаматтары 2,7 мың адамды, немесе 0,4% құрады, азаматтығы жоқтар 1,2 мың адам болды, олардың үлесі 0,1%.

Облыстық статистика департаменті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31