ЗG желIсI - Павлодарда

Жаңа жыл қарсаңында «Beeline» ұялы байланысы облыстағы пайдаланушыларына қуанышты оқиға жөнінде хабарлады. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Павлодар және Ақсу қалаларында ЗG желісі іске қосылады. Бейнеқоңырау шалуға және жылдамдығы жоғары интернетке шығуға мүмкіндік беретін жаңа желіге алғаш болып биылғы қараша айында Астана және Алматы қалалары қол жеткізген болатын. Енді, міне, аймақтар арасында тұңғыш рет заманауи байланыс павлодарлықтарға да бұйырады.

«КаР-Тел» ЖШС Павлодар филиалының директоры Батырбек Мусиннің айтуынша, ЗG желісін іске қосуға барлық құрал-жабдықтар әзірленіп қойылған. Жаңа жылдың алғашқы күнінде Үкіметтің берген лицензиясы күшіне еніп, жаңа желіні пайдалану мүмкіндігі туады. Айта кетерлігі, ЗG желісін бізден бұрын Ресей, Армения, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері қолданысқа енгізген. Ендігі жерде Қазақстанмен қатар Қырғыз елі де оған қол жеткізеді.

Бұған дейін пайдаланушылар телефон арқылы интернетке 2G-дің көмегіне сүйеніп шығып келді. Бірақ оның жылдамдығы төмен. Жаңа желіге қосылғандар USB-модем бойынша интернетті қолданғанда секундына 7 мегабитке дейінгі жылдамдықты пайдаланатын болады. Компания мамандарының айтуынша, трафик құны келесі жылы 40 пайызға дейін арзандайтын болады. Қазіргі кезде 100 мегабайтты жиынтықты 990 теңгеге сатып аласыз. Телефонды жаңа желіге сәйкес баптауға келсек, оның жолдары компанияның сайтында кеңінен баяндалған.

Бейнеқоңырау мүмкіндігі де пайдаланудың да жолы қарапайым. Тек телефоныңызда камера болса жеткілікті. Сондай-ақ сізбен сөйлесушінің телефоны да бейнеқоңырау қабылдауға лайықты болуы шарт. Ал бейнелі түрде сөйлесудің құны абонеттің тарифтік жоспарына («Достар», «Достар-2», «Токи-Ток», тағы басқалары) сәйкес есептеледі.

1 қаңтардан бастап ЗG желісіне Павлодар және Ақсу қалаларының пайдаланушылары қосыла алады. Екібастұз қаласында болса, екінші кезеңде, шамамен наурыз-сәуір айларында пайдаға беріледі. Б.Мусиннің сөзіне қарағанда, одан кейінгі кезекте аудан орталықтары тұр. Мамандар жаңа желіні пайдаланушылардың көп болатынына сенімді.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31