ХИМИЯ ПАРКІН ҚҰРУҒА МҮМКІНДІК БАР

17 наурыз күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев облысымызға екі күндік сапармен келген «CHEMPARK» атты еуропалық ірі химия паркінің басшылығымен кездесті. Мұндағы мақсат «Каустик» АҚ негізінде өнеркәсіптік химия аймағын құру мүмкіндіктерін зерттеу болды.
Меймандар келешекте жаңа индустриялық аймаққа айналуы мүмкін кәсіпорынның ескі өнеркәсіптік аумағын жіті қарап шықты. Неміс сарапшылары облыстың әлеуетін жоғары бағалады. «CHEMPARK-Management» паркінің жетекшісі Эрнст Гюнтер Григаттың сөзіне қарағанда, Павлодарда арнайы орталықты жасақтауға барлық мүмкіндіктер бар.
Кездесу барысында тараптар бірқатар мәселелерді талқылады. Соның ішінде шикізат жеткізу, қоршаған ортаны қорғау, мамандар даярлау сияқты маңызды тақырыптар қамтылды.
Қорытындысында әріптестер Павлодар қаласында химия паркін құру және оны дамыту концепциясын осы жылдан бастап әзірлеу жөнінде ұсынысты қабылдады. Аймақ басшысы бұл үшін қажетті анықтамалық мәліметтер мен құжаттарды ұсынуда ықпалдастық танытатынына уәде берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31