2010 жылдың 4 тоқсанында халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай шығысы бір айда 26950 теңгеге жетті (қалалық жерде – 32087 теңге, ал ауылдық жерде – 16696 теңге).
Халықтың ақшалай шығысы құрылымындағы 93,3%-ы тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға; 2,6%-ы туыстарға, таныс адамдарға материалдық көмек көрсетуге, алимент төлеуге; 4,1%-ы несие және қарызды төлеуге жұмсалған.

