БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ

 

Жақында ауданымызда кәсіпкерлер мен шаруашылық иелеріне арналған бірнеше оқыту семинары өткізілді. Оны облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлікті дамыту орталығы мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.

Мұндай оқулар ауданымызда бұған дейін де өткізілген болатын. Бұл жолы кәсіпкерлер «бизнесті дағдарысқа қарсы басқару», «стратегиялық жоспарлау» «кәсіпорынның құқықтық негіздері» секілді тақырыптар бойынша білімдерін толықтырды. Павлодар қаласынан келген бизнес бойынша жаттықтырушы А.Жилин мен заңгер Ю.Рябова  семинарға қатысушылардың өздерін ізденуге шақырды. Әртүрлі жағдайларда шешім таба білуді, дағдарыс кезінде қызметкерлерді басқару жұмысын жүргізуді мамандармен бірге сараптап, нәтижелер шығарды. Бизнес өкілдері құқықтық мәселеге ерекше қызығушылық танытты. Семинар соңында барлығына сертификаттар тапсырылды.

Қашыр аудандық ішкі саясат бөлімі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31