«Өз өмірлерін тек ауылмен ғана байланыстыратын адамдар үшін Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруы керек».
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан.
Бір кездері Ақтоғай ауданының орталығында фотоорталықтарды, автокөліктердің дөңгелегін ауыстыратын қоғамдық қызмет көрсету орындарын мүлде кездестірмейтін едік. Соңғы екі-үш жылдың көлемінде өңірде шағын кәсіпкерлік жолға қойылып, бұл бағыттағы жұмыстар біршама ілгерілеген. Бүгінгі таңда ауданда жоғарыда аталған әлеуметтік нысандар ашылып, халық игілігіне жұмыс істеуде.
Айгүл Жүсіпова осыдан екі жыл бұрын аудан орталығынан өзінің жеке фотоорталығын ашты. Бұған дейін ақтоғайлықтар құжаттарға суретке түсу үшін көп уақыт жоғалтатын. Тіпті, жүз шақырым жердегі облыс орталығына сол бір сурет үшін барып та келетін. Себебі, ол кезде ауданда бір ғана фотоорталық жұмыс істейтін. Оның өзі иесі қалаған күні ашылып, қаламаған күні жабық тұратын. Міне, ақтоғайлық тұрғындардың осы бағытта көп қиналатынын аңғарған Айгүл фотоорталық ашу жұмысын қолға алады. Оның айтуынша, орталық халықтың сұранысын толықтай қанағаттандырады.
Фархат ӘМІРЕНОВ,
Ақтоғай ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 23 маусымындағы номерінен оқи аласыз)

