Орман шаруашылығы қызметкерлерін қажетті құралдармен жабдықтау мақсатында облыс әкімінің қолдауымен «Ертіс орманы» резерватының 4 бірдей бөлімшесіне 12 МТЗ-82 тракторы (9 тіркемелі су бөшкесі және үш жер жырту соқасымен бірге) үлестірілді. Облыс әкімінің орынбасары М.Көбенов орманшыларға көліктердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Шара барысында ол соңғы 20 жылдан бері орман шаруашылығы саласының техникасы жаңартылмағандығын, осыған байланысты биылғы жылы облыстық бюджеттен аталған бағытқа 50 миллион теңге қарастырылып отырғандығын атап өтті. Орман-тоғайлы алқаптарды өрттен қорғау мақсатында бөлініп отырған техникаларға орманшылар ризашылығын білдірді.
Жарқынбек АМАНТАЙ.

