ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖЕТКІЛІКТІ

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жұма күні өткен облыстық мәслихаттың сессиясында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Оған аймақ басшысы Б.Сағынтаев қатысты. Депутаттар күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер бойныша шешім қабылдады.

 

Бюджеттің бүйірі толықты

Депутаттар алдына облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Г.Давдрикова бірінші болып шықты. Ол облыстың биылғы бюджетіне енгізуге ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды атап, таныстырды.

- Өткен 5 айда орындалу жағдайын бақылай келе, бюджетті нақтылап отырмыз. Бұл әлеуметтік маңызға ие жекелеген мәселелерді шешу үшін қажет, - деді ол.

Бюджеттің жаңа нұсқасында кіріс бөлігі 727,9 млн. теңгеге ұлғайған. Оған түрлі салықтық түсімдердің көбеюі әсер еткен. Сондай-ақ, кеңселік заттар секілді басымдыққа ие емес мақсаттарға жұмсалатын шығындар мөлшері азайтылған. Алғашқы жартыжылдықта үнемделген қаржы тағы бар. Ештеңеге қарамастан әлеуметтік міндеттемелер бойынша барлық іс-шараларға қажет қаражат көлемі қысқармайды. Нақтыланған облыс бюджеті 78,8 млрд. теңгені құрайды.

 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 28 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30