ӨНДІРІС ЕКПІНІ ЕСЕЛЕ ТҮСТІ

Дағдарыстан кейінгі еліміздің даму бағыт-бағдарын айқындайтын, қолдаудың нақты тетіктері мен жолдары көрсетілген «Бизнестің жол картасы – 2020» кешенді бағдарламасының өңірде алғашқы нәтижелері байқала бастады. Аталған ауқымды бағдарлама арқасында жеңілдетілген несиеге қолы жеткен «Гофротара зауыты» ЖШС осы жылдың мамыр айында өз өндірісін бірден бірнеше есеге ұлғайтты. Жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтар зауыттан шығатын қағаз өнімдерінің сапасына да әсер етті.

 

Бұл кәсіпорын 2006 жылы құрылған. Мұнда үш қабатты гофрокартон өнімдері мен құс фабрикаларына қажетті жұмыртқа салатын қораптар шығарылады. Гофрокартоннон жасалатын қағаз қораптарға әртүрлі азықтық тауарларды орайды, басқа да үй шаруашылығына қажетті заттарды салуға болады. Бір сөзбен айтқанда, ол - қай елде болмасын жоғары сұранысқа ие тауар түрі. Компания өнімдерін қазақстандық өндірушілерге жеткізеді. Аз ғана уақыт ішінде зауыт өз өнімімен отандық нарықта таныла бастады. Гофрокартонның өтімді екенін байқаған кәсіпорын басшылығы былтыр «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы басталғанда өз қуатын арттыру және жаңадан құрал-жабдықтар сатып алу үшін мемлекет қолдауына сүйенді.

 

Мұрат АЯҒАНОВ.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 2 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31