ҚУАТТЫ ӘЛЕУЕТ, ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ

Елбасының қатысуымен еліміз бойынша инновациялық жобалардың тұсауы кесілді

alt

 

 Дүйсенбі күні Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты индустриялық-инновациялық форумы аясында еліміз бойынша жалпыұлттық телекөпір ұйымдастырылып,  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «онлайн» режимінде  ұлттық экономика үшін аса маңызды 8 жобаның іске қосылғанына куә болды. Шара барысында облысқа қарасты Екібастұз қаласында жүк вагондарын шығаратын жаңа зауыттың қуатын арттыру бойынша өндірістің тұсауы кесілді, сондай-ақ, ГРЭС-2 станциясындағы №3 энергоблок құрылысының алғашқы іргетасы салынды.

 Өткен жылы жаңа индустрияландыру бағдарламасының бірінші кезеңінде республикада 152 инвестжоба іске қосылған болатын. Бұл жобалар қазірдің өзінде ұлттық экономиканың бәсекелестігін арттырып, әртараптандыру үрдісін үдете түсті. Былтыр тек қана Павлодар өңірінде 30 жоба пайдалануға беріліп, соның нәтижесінде 2647 жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру тек жобалар ғана емес. Бұл - Қазақ елінің жағымды инвестициялық және бизнес ахуалы қолайлы беделін қалыптастыруға бағытталған қаржы-несиелік, фискалдық, тарифтік экономикалық саясат. Мемлекет тек міндет қоймай, қаржы және қаржылық емес ресурстарды қарастырып келеді. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жүздеген тетік іске асырылып отыр.

Мұрат Аяғанов,

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ,

Екібастұз қаласы.

 (Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31